Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алдын ала мәліметтер бойынша Шымкентте 15 жасар қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болған

Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірім қыздың қайтыс болу себептерін зерттеудің алдын ала нәтижелері оған қызылшаға қарсы жасалған екпеге байланысты емес менингококк инфекциясы себеп болғанын көрсетті.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында 1999 жылы туылған қызға Шымкент қаласындағы № 109 орта мектепте қызылшаға қарсы екпе жасалған.

22 ақпанда жасөспірім орташа ауыр жағдайда №1 қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылған.

23 ақпанда науқастың жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды. Жансақтау шаралары жасалғанымен, нәтиже бермеген.

Осы күні  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрамына министрлік мамандары, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, ҚР ДСЭДМ штаттан тыс аллерголог-иммунолог маманы кірген жұмыс комиссиясын шымкентке жіберді.

Мәйітті ашу және сот-медициналық сараптама нәтижесінде «Менингококк инфекциясы. Менингококцемия. Менингококк менингиті» алдын ала диагнозы қойылды.

Барлық материалдар бактериологиялық және гистологиялық зерттеулер өткізуге жіберілді.

Қазақстанда жыл сайын 120-ға жуық менингококковой инфекциясы оқиғалары тіркеліп, 10-15% жағдайда өлім-жітіммен аяқталады. Және сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 70% астамын балалар құрайды.

 
0
0
470

Осы тақырып бойынша

Алдын ала мәліметтер бойынша Шымкентте 15 жасар қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болған - Yvision.kz