Алыс аудандарда тұратын қазақстандықтар әлеуметтік төлемдер тағайындауға құжаттарын өз елді мекендерінен шықпай-ақ бере алады
2015 жылғы мамыр айынан бастап аудан орталықтарынан алыс елді мекендерде тұратын азаматтар үшін «Қазпошта» АҚ және мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің мүгедектікті белгілеуіне құжаттарды қабылдайды.
Қазіргі уақытта 1 млн. 191,8 мың адам немесе ел тұрғындарының 15,4% Халыққа қызмет көрсету орталықтары және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде тұрады.
Азаматтарға қызметтер көрсету (құжаттарды қабылдау және есеп-шот ашу) олардың тұратын жерлеріне барып көрсетіліп, жайлылық пен оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметке кететін шығын мен уақытты үнемейді.
Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріңізге саламыз.
