Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Табысы кедейлік шегі мөлшерінен аспайтын 13 мыңнан астам отбасы 1,3 млрд. теңге сомаға жәрдемақы алды

2014 жылы табысы кедейлік шегі мөлшерінен аспайтын 13 186 отбасы (56,1 мың адам) 1,3 млрд. теңге сомаға жәрдемақы алды.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес жәрдемақыны қосқандағы жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегі мөлшерінен (күнкөріс деңгейі мөлшерінің 40%) аспайтын отбасыларға табысы есепке алына отырып, отбасының әрбір мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беріледі.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жәрдемақының орташа мөлшері айына 1970,7 теңгені құрады.

0
0
348

2014 жылы көп балалы аналар мен отбасыларға 55,2 млрд. теңге төленді

Төрт және одан көп балалары бар көп балалы аналар мен отбасыларға жәрдемақы төлеуге 2014 жылы республикалық бюджеттен 55,2 млрд. теңге бөлінді.

Атап айтқанда, мемлекеттік марапатқа ие болған көп балалы аналарға төленген жәрдемақы мөлшері 2014 жылы 11 853 теңгені құрады. Мемлекеттік қолдаудың мұндай түрін ай сайын 245,8 мың әйел алып отырды.

Кәмелеттік жасқа жетпеген, бірге тұратын төрт және одан көп балалары бар көп балалы отбасыларға 2014 жылы төленген ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 7 705 теңгені құрады. Мемлекет тарапынан мұндай қолдау 220,1 мың отбасыға көрсетілді.

0
0
292

Парламент ҚР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңнамасына енгізілетін өзгерістерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң Мемлекет басшысының 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында және 2012 жылғы желтоқсандағы «Қазақстан-2050 стратегиясы». Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Заңның басты мақсаты: медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады. Заңды әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе кеңінен қолданы…

0
0
394

2015 жылғы 1 шілдеден Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік келісімшарт талаптарында шартты әлеуметтік көмек көрсету пилоттық жобасы іске асырылады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Вице-министр Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Әлеуметтік даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Министрлік азаматтардың табысы аз санатын әлеуметтік қорғаудың пассив моделінен актив моделіне өту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. Аталған тәсілдер 2014 жылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және өту, қажеттігіне қарай отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шартымен әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін «Өрлеу» пилоттық жобасын үш облыста (А…

0
0
344

Қазақстанда шағын сыйымдылықтағы медициналық-әлеуметтік мекемелерді дамыту жөніндегі пилоттық жоба іске асырылады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Светлана Жақыпова 2009 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді кезең-кезеңмен енгізу арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды. Бұл шаралар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында анықталған тәртіп пен талаптарға сай іске асырылуда. Стандарттарды іске асыру кезеңінде қазіргі медициналық-әлеуметтік ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жақсартылып, штаттық санын кеңейту есебінен көрсетілетін қызметтердің сапасы арта түсті. Үкіметтік емес секторда 74…

0
0
328

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы 7,3 мың жұмыссыз мүгедек жұмыспен қамтылды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Вице-министр 2015 жылғы 20 ақпанда Елбасы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойғанын еске салды. Ол құжат азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және өзге де құқықтарын іске асыруда мүгедектерге өзге азаматтармен теңдей жағдай жасауға бағытталған. Айта кету керек, Конвенция мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесінде жалпылай алғанда көрініс тапқан. Мүгедектерді жұмыспен қамтуға ерекше маңыз беріледі. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы хабарласқан 14 мың мүгедек жанның ішінде…

0
0
331

2017 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Светлана Жақыпова 2014 жылғы 18 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстанның зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасында келесі өзгерістер қарастырылғанын алға тартты: - 2017 жылғы 1 шілдеден зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы тағайындау; зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болған жағдайда базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі мөлшерінің 50% құрап, 10 жылдан асқанда әрбір толық жыл үшін күнкөріс деңгейі мөлшерінің 2% мөлшерінде ұлғайтып отыру; - 201…

0
0
469

Қызылшаға қарсы екпенің миллиардтаған дозасын пайдалану нәтижесінде әлемнің бірде-бір елінде қайтыс болу оқиғалары тіркелген емес

Бұл туралы бүгін Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінде өткен Еуропа өңірінде қызылшаға қарсы екпе жасау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында Испанияның Сантьяго университеттік клиникалық ауруханасының педиатрия және инфекциялық аурулар бөлімінің жетекшісі, доктор Федерико Мартинон Торрес мәлімдеді. Генетика, вакциналар, инфекциялар және педиатрия жөніндегі зерттеу тобын үйлестіретін маманның айтуынша, екпе жасау - инфекциялық аурулар, оның ішінде қызылшаның алдын алуда жалғыз амал. Вакциналау жасанды иммунинетті қалыптастыруға әсер етеді. Адамда қандай да бір ауруға қарсы иммунитет болмаса, ол қатерлі асқынуларға және өлім-жітімге әкеп соғады. Қазақстан тұрғындары арасында иммунитеттің жеткіліксіздігі 2014 жылы қызылшаның өршуіне әкеп соқтырды. Осыған байланысты қосымша иммундау шарасын…

0
0
271

Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған қазақстандықтарға 2014 жылы республикалық бюджеттен 16 млрд. теңгеден астам қаржы төленді

Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2014 жылы республикалық бюджеттен 16,8 млрд. теңге бөлінді.

2014 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 21279 теңгені құрады. Мұндай жәрдемақы 65,8 мың адамға төленді.

2015 жылы мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 19,6 млрд. теңге қарастырылған.

0
0
264

2014 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қазақстандықтарға бала туылуына, асырап алуына және күтіміне байланысты 94 млрд. теңгеден астам қаражат төленді

2014 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайға байланысты азаматтарға 94,7 млрд. теңге төленді. Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2014 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 44,6 млрд. теңге сомаға 172 778 әйелге берілді. Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан берілген ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 2014 жылы 18 659 теңгені құрады. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік төлемнің м…

0
0
212