2014 жылы бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 31 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді
2014 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 31,1 млрд. теңге бөлінді.
Жәрдемақының мұндай түрін алушылардың жылдық орташа саны 173,5 мың адамды құрады. Ал жәрдемақының мөлшері балалардың кезегіне қарай 10 668 теңгеден 16 483 теңге аралығында құрады.
2015 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 35,4 млрд. теңге қарастырылған.