2014 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қазақстандықтарға бала туылуына, асырап алуына және күтіміне байланысты 94 млрд. теңгеден астам қаражат төленді
2014 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайға байланысты азаматтарға 94,7 млрд. теңге төленді.
Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2014 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 44,6 млрд. теңге сомаға 172 778 әйелге берілді.
Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан берілген ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 2014 жылы 18 659 теңгені құрады. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік төлемнің мұндай түрін 50,1 млрд. теңге сомаға 184,3 мың әйел алды.
