Модельер деген – табиғи суретші
Тоғызыншы сыныпты бітіретін түлектерді мазалайтын бір сұрақ бар: мектепте оқи берген жөн бе, әлде колледжге кеткен дұрыс па, әлде? Егер колледжге түсу жөнінде шешім қабылдаса, бұл оқуды басқа деңгейде жалғастыру деген сөз. Қатар құрбылары университеттің 1-курсын бітіріп жатқанда, колледжге барған жастар орта кәсіби білім алғанын растайтын диплом алып, мамандық иесі атанады. Бұл құжат толық орта білім алған балалардан қызметке ертерек араласуға мүмкіндік береді. Ал білімін университетте жалғастырғысы келген колледж түлегі жоғары білімді қысқартылған мерзімде алып шығады. Бүгін сіздерді Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің арнайы пәндер оқытушылары – Бағдагүл Әбдірасылқызы Өкеева мен Анна Павловна Бардинамен таныстырсақ дейміз. Екеуінің де еңбек өтілдері отыз жылдан асқан.…