БҚО ТҚҚД басшысы ЕАЭО шартының талаптарын түсіндіру бойынша брифингке қатысты
2015 жылғы 6 қаңтарда ҚР ҰЭМ ТҚҚК Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы М.Қ. Арыспаев Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде өткен Еуразиялық экономикалық одақ шартының талаптарын түсіндіру бойынша брифингке қатысты.
Брифинг барысында тауар қауіпсіздігіне, өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметіне жүктелген өнімдерге (тауарларға) қатысты Кеден одағының кейбір Техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар түсіндірілді.

