2014 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініңТұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2014 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды. Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 191 540 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (71%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 9 жағдайы тіркелді. 2014 жылғы 22 қаңтарда Атырау, Манғыстау облыстарында және Астана қаласында тұмаудың А және В вирус айналымы белгіленді. Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 633 423 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,4%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 446 028 бала және 1 187 395 ересек тұрғындар (оның ішінде 159 895 медицина қызметкерлері және 81 038 жүкті әйелдер)…

