«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасы бірқатар заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді
«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында кеденшілер Қытайдан әкелінген тауарлардың нақты саны мен құрамы және декларацияда көрсетілген мәліметтердің арасында үлкен айырмашылықтар анықтап отыр. Бұл туралы бүгін Алматы облысында журналистермен болған кездесуде Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дина Мамашева мәлім етті. «Бекет» шарасын өткізудегі басты мақсат – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мемлекеттік шекарада жүзеге асырылатын экспорттық-импорттық операциялар кезінде кедендік бақылауды барынша күшейту, экономикалық контрабандаға қарсы жедел шараларды жүзеге асыру, бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсу көлемін көбейту болып табылады. Шара басталғаннан кейінгі он күннің ішінде кеденшілер Қытай жағынан жүк ағымы мен декларация көлемі кү…