Қазақстанның кедені бизнес-қоғамдастықпен кеден заңнамасын жетілдіру және тауарлардың электрондық декларациялауын енгізу мәселелерін талқылады
Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының барлық мүдделі тараптарының қызығушылығы мен басымды экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін бизнес-қоғамдастығы мен мемлекеттік органдар арасында конструктивті диалогты орнату бойынша жұмысты жалғастыруда.
6 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жанындағы кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің отырысы Комитеттің төрағасы М.Есенбаевтың басшылығымен өтті. Отырыста бизнес-қоғамдастықтардың, Қазақстан кәсіпкерлер форумының, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, Қазақстанның Салық төлеушілер қауымдастығының, Қазақстан Кедендік декларанттары одағының, Қазақстан Кедендік брокерлер қауымдастығының, СЭҚ қатысушылардың Еуразиялық одағының өкілдері және т.б. қатысты.
Күн тәртібінде Кеден одағының шеңберінде сияқты, ұлттық деңгейде де кеден заңнамасын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ тауарлардың электрондық кедендік декларациялауын енгізу және одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Отырыста кедендік әкімшілендіру, кеден заңнамасы, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің және ақпараттық технологиялардың дамуы мәселелеріне мамандандырылған Консультативтік кеңес жанында құрылған 4 жұмыс тобы қызметінің қорытындысы талқыланды. 2013 жылғы 1-жартыжылдығы ішінде Консультативтік кеңестің жұмыс тобының 6 отырысы өткізілді. Келешекте кеден заңнамасы мәселелері бойынша жеке шешімдер Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы кеден саясаты бойынша бірлескен отырыстарда қаралады.
Электрондық декларациялауды енгізу мәселесі бойынша ҚР ҚМ КБК төрағасының орынбасары Д.Т.Мамашеваның баяндамасы тыңдалды, онда КБК «Электрондық декларациялау» ақпараттық жүйесінің «Жеке тұлға» және «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер базасы, «Б-лицензиялау», «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» және т.б. өзге ведомстволық жүйелермен интеграциясы бойынша жұмысы аталып өтті.
Жылжымалы құрамды шығару үшін ҚР ҚМ КБК мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны беру бөлігінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидасы, сондай-ақ тауарлар экспорты кезінде ҚҚС қайтаруға арналған хабарламаны беру бөлігінде ҚР ҚМ Салық комитетінің ақпараттық жүйесі мен ЭД АЖ ақпараттық өзара іс-қимыл қағидасы әзірленді.
Бұдан басқа, ҚР кеден органдары «Электрондық декларациялау» жүйесінің Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметінің және Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды орнату бойынша жұмысты жүргізді. Комитет жоспарлаған «Экспорт бойынша электрондық декларациялау» АЖ өнеркәсіптік пайдалануда іске қосу күні – 2014 жылғы 1 қаңтар, бүгінгі күнге аталған жүйе тәжірибелік-пайдалану режимінде.
Отырыста заңнама бөлігінде тауарларды электрондық декларациялау сияқты мынадай маңызды тақырыптар аталып өтті, олар электрондық құжаттардың тізбесін ҚР Үкіметінің бекітуі, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдарға ұсынылатын құжаттардың санын қысқарту, уәкілетті экономикалық операторлардың институтын дамыту, ақысыз негізде әкелінетін тауарларды кедендік тазарту рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салық салудан босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру үшін шарттарды қамтамасыз ету. Кеден заңнамасында аталған өзгерістерді іске асыру үшін Комитет «Кейбір заңнамалық актілерге кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының Тұжырымдамасын әзірледі.
Отырыс барысында Қазақстанның бизнес-қауымдастығы қатысушылары көтерілген тақырыптар бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды айтты, екі тараптың мүдделерін есепке алу үшін бизнес пен биліктің конструктивті диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Жалпы, отырысқа қатысушылар кедендік әкімшілендіруді және кеден заңнамасын дамытудың басымды бағыттарындағы оң үрдісті атап өтті, ҚР кеден органдары мен бизнестің бұдан кейінгі өзара іс-қимылына арналған жұмыстың бағыттарын белгіледі.
