Бір кітап — әлемдік танымалдылық
Бір жазушының атын естігенімізде, біздің санамызға оның тек жалғыз шығармасы ғана оралатын кездер болады. Және сол шығармасы оның атын үлкен даңққа жеткізіп жатады. Иә, бір кітабын сәтті жазып, өте әйгілі болып жататын жазушылар бар, сонымен қатар барлық туындылары тасада қалып, арасындағы бір шығармасымен ғана танылып жататындары да бар. Бұл қағиданы тек кітаптарға ғана емес, мұнымен қоса басқа да өнер туындыларына қатысты да қолдануға болады. Бірақ біз өз мақаламызда бір ғана кітап жазып, әлемге танымал болған авторларды тілге тиек етпекпіз.
Маргарет Митчелл – «Желмен ғайып болғандар»

Жазушы Маргарет Митчеллдің өмірі, қимастарын жоғалту мен көңілге түскен қаяуға толы болды. Миллиондаған адамдардың тағдырын өзгерткен Америкадағы соғыстың қайғылы оқиғалары, романның басты кейіпкері Скарлетт О’Хараның тағдырын айқындауда негізге алынды. Аңызға сүйенер болсақ, «Желмен ғайып болғандар» романының бастауына соңғы бөлімінің: «Скарлетт өзі сүйген ер азаматтарын толық түсініп, қадіріне жете алмағандықтан – екеуінен де айырылды» деген басты сөзі негіз болған. Шығармамен ары қарайғы жұмыс он шақты жылға созылып және жазушыдан үлкен еңбекті қажет етті. «Желмен ғайып болғандар» еңбегі үшін Митчелл Пулицеров сыйлығын алды.
Анна Сьюэлл – «Қара сәйгүлік»

«Қара сәйгүлік» романының авторы төсекке таңылып жатқандықтан, анық емес жазуларымен романды жазып шыққанша, 6 жыл уақыт өткен. Оның романының кейіпкері – Қара сәйгүлік асыл тұқымнан, өз өмірі жайлы өзі баяндайды. Шығармада викториандық Англияда сәйгүліктердің нендей жәйттерді бастарынан кешіргендері, қиындықтары жайлы баяндалады. Сьюэлдің оқиғасы сүйікті жануарына деген махаббаты мен үлкен нәзіктікке, жылылыққа толы.
Эмили Бронте – «Түнерген асу»

Эмили Бронте жанұясындағы үш апалы-сіңлілердің ішіндегі – кенжесі болып табылады. Эмили тек бір ғана роман – «Түнерген асуды» жазды. Ол автордың тәжірибесіздігіне қарамастан, кешеуіл романтизмнің эталонына айналды. Шығарма шет аймақтық өмірдің қарапайымдығы мен готикасы, табиғатқа деген қатынасты өзіне тоғыстырған. Эмили Бронте аз ғұмыр кешті, ал бұл роман әлемдік атаққа ол өмірден кеткеннен кейін ғана ие болды. Бұл тек әлем литературасындағы алтын классика ғана емес, өз кезеңінде романтикалық проза жайлы көзқарасты түбегейлі өзгерткен роман болды.
Осындай мақалаларды тағы оқығыңыз келсе, "Kazakh TV" арнасының сайт редакторлары ұсынатын "Авторлық мақала" атты сайт-рубрикасын қараңыз!
