Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Үш ең үздік әлемдік дизайншылар

Жоғары сән әлемі  сырлы шығармашыл шымылдығымен өзіне үнемі көңіл аудартып келеді. Бұл әдеміліктің, жаңа ойлар мен шабыттың әлемі. Бірақ осы жауһарларды жасап шығаратындар кімдер? Осылай әлемді кезекті тағы бір сұлулыққа бөлеп, қуанышқа кенелту кімдердің ойына келеді екен? Бұл мақала Джон Гальяно, Карл Лагерфельд, Донателла Версаче сынды ең үздік әлемдік дизайншылардың үштігіне арналады. Бұлар бір кездері әйгілі болған брэндтердің көмескіленген  атауларын қайта жаңғыртып, оларға бұрынғы атағын қайтарып қана қоймай, сонымен қатар тіпті жаңа деңгейге де көтере алды.

Донателла Версаче

Донателла Версаче  баршаға аян  «Версаче»  сән үйінің  мұрагері. Бірақ бұл сән үйі мұралыққа «өз жолымен» қалмай, айтарлықтай көңілге жағымсыз жағдайда, ағасы  Джанни трагедиялық қайтыс болғаннан кейін  оның қолына көшеді, осылайша басшылықты өз қолына алуына тура келеді. Бұл Донателланың өміріндегі ең қиын – жақын адамының өмірден қайтқан, аты аңызға айналған  марканың сынға қалған, адамдардың «Версаче» үйінің көп ұзамай жабылатын  тілге тиек еткен  кезең болады.  Дегенмен Донателла күш-қуатын жиып, жұмысқа жұмыла кірісіп,өзінің жанұялық бизнесті дөңгелетіп алып кетіп және оның жоғары позициясын ұстап тұра алатынын дәлелдеп шықты. Джаннидің өлімінен кейінгі 3 ай мерзімінде-ақ Донателла өзінің дебютті киімдер топтамасын жасап шығарды. Бұдан кейін Донателланың жұмыстары жайлы сыншылардың ойлары да жағымды жаққа қарай ауысты.  Ол өзінің PR және жарнама саласындағы жақсы машықтығын орынымен қолданып, көрсетілімдерге әр түрлі атақты тұлғаларды белсенді түрде шақыру арқылы, брэндтің төмендеп кеткен беделін бірталай көтеріп алды. Донателла киім дизайнына да өз сарынын қосты. Ол нәзік те қолайлы, әдемі бола түсті. Қазіргі таңда Донателла «Версаче» үйінің  басты дизайншысы болып табылады. Оның өмірі көрмелер  мен  дефиле, жаңа көрсетілімдерге нық толы.

Карл Лагерфельд

Карл Лагерфельд   Karl Lagerfeld бренді атауының негізін қалаушы және дизайыншысы,  Chanel және Fendi  Сән үйлерінің креативті директоры, 7L  кітап магазині және баспа үйінің иегері болып табылады. Карл Лагерфельдтің  бұқаралық медиадағы  өмірі жайлы көптеген ақпараттарға қарамастан, дизайншының  жеке бас өмірі айтарлықтай құпия қалып келеді. Карл көптеген жылдар бойына өзінің нағыз жасын,туылғаны жайында  әр түрлі мерзімдерді атау арқылы жасырын ұстап келді. 2008 жылы сәнгер өзінің 70-жылдығын атап өтті. Лагерфельд 2009 жылы өзінің 1933-1938 жылдар аралығында туылғанын айтып, ал 2012 жылы 79-жасын атап өтті.  Карл Лагерфельд 1952 жылы  Парижде Жоғары сән Синдикаттағы Монтень лицейіне  оқуға түседі.  Бұл жерде ол Ив Сен-Лоранмен бір курста оқиды. Лагерфельд 1983 жылы «Chanel»  сән үйіне келеді. Габриель Шанель өлімінен кейін бренд өз бағытынан және  бұрынғы тартымдылығынан тез құлдырайды. Бірақ Лагерфельд киімдер дизайнының бұрынғы  топтамасынан заманауи көркемдікке  біраз ауысып,  Сән үйіне жаңа өмір лебін әкелді. Қазіргі  таңда дизайыншы  мезгіл сайын  әр түрлі маркалармен қызметтесіп, капсульді топтамалар,  Chanel  үшін Fendi және Haute Couture әйелдер топтамасын жасап шығарады.  Карл сонымен қатар жарнамалық науқандар және фотоссесиялар өткізіп, сән баспаларының шықырылған редакторы болып та жұмыс жасайды. Кіршіксіз талғамының арқасында  шығармалар үшін ұдайы суреттер салып және люкс классты қонақ үйлер нөмірлерінің дизайнын жасайды.

Джон Гальяно

Джон Гальяно сән әлемін құрушылардың негізгілерінің бірі. Оның жұмыстары тіпті ең қатал деген сыншылардың тезіне төтеп береді. Гальяно бәрінен бұрын жаңа топтаманы жасау барысында , өзінің де бейнесін топтама стиліне сәйкес  ауыстыруымен  даңқы шықты. Дизайыншының халық алдына  шығудағы өзіндік шоуы, дефилемен қатар  табынушыларын таңдана сүйсіндіреді.  Гальяно аңызы , ол дипломдық топтамасына 8 киім тіккен кезінен бастау алады. Бұл  киімдердің барлығын  подиумнан лезде-ақ  ірі лондон бутиктерінің бірі сатып алады.  Жаңалықтарға толы уақыт ішіндегі көп жылдар бойғы тынбас еңбегінен кейін,  1996 жылы Гальяноға Диор Үйінен ұсыныс келіп түседі. Нақ осы кезде Диор өзінің бұрынғы даңқын жоғалта, ақырындап көмескілене, ал диорлық-париждік  әйелдер бейнесі сәнқойларды қызықтыруынан қала бастаған.Гальяно ғана сол кезде киімдерге заманауи жеңілдіктер енгізіп,  ол бейнеден бұрынғының торлауын  қағып тастаған.      Сонысымен ол қазірге дейін жалғасып келе жатқан ультрасәнді, Диор культін жандандырды.     Гальяно 1996 жылдан 2011 жылға дейін  Christian Dior Үйінің арт-директоры болып келген.  Бірақ 2011 жылдың 1 наурызында ол  Christian Dior сән үйінен жұмыстан шығарылады. Жұмыстан қуылу себебі оның Париждегі сән апталығының қарсаңындағы ішімдік ішіп алып антисемистік ойларын айтуы  болды.  Бізге белгілідей, Джон Гальяно қазір «Л’Этуаль»  ресейлік жүйесінің креативті директоры болып жұмыс жасайды. Сәнгер оптимизмге толы және «шығармашылығынан  қол үзбек емес...».

http://kazakh-tv.kz/kz/programms/program/program_617_fashion-guide

 
0
0
737

Осы тақырып бойынша

Үш ең үздік әлемдік дизайншылар - Yvision.kz