Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қазақстандық дизайнерлердің әлемі.

Қазақстандық дизайнерлер қазіргі таңда биік жетістіктерге жетті, Aida Kaumenova, Aya Bapani, ZhSaken сынды дизайнерлер отандық жұлдыздардың арасында өте танымал. Бірақ, бұл дизайнерлеріміз тек Қазақстанда белгілі. Тіпті, интернетте, сайт беттерінде, жаңалықтарда, түрлі блогтарда қазақстандық сән жайлы көп жазылады, теледидарда да әр түрлі бағдарламалар көп-ақ. Алайда, Осы бағдарламалар қаншалықты тиімді? Қазақастанның сән индустриясын қалайша әлемге танытамыз? Ал егер шет елге хабар тарататын арнайы сән бағдарламасы болса қалай?  Менің пайымдауымша, тек қана Қазақстан ішінде ғана шектеліп қоймай, шет елдердің де назарын аудару үшін ағылшын тілінде сән туралы бағдарлама шығару бұл сұрақтардың жауаптарының бірі. Себебі, отандық өндірістер мен шет ел компаниялары бірігіп өнім шығарса, біз үшін бұл жетістік болар еді. Осы орайда, Kazakh TV арнасынан шығатын «Fashion Guide» бағдарламасының алға қойған мақсаты да осы болмақ, әлемдік трендтегі сәнді үлгілер мен жаңалықтар, сұхбаттар және отандық сән үлгісі жөнінде қазақ, орыс және бастысы, ағылшын тілдерінде ақпарат тарату.

Өзге елге жәутеңдеп қарағаннан, әлемдік деңгейге отандық сән үлгілерін жаңа нақышта жарнамалаған жөн. Шет елден өз ұлтымыздың иісін сездіртер сән үлгісін көрсек, ел мақтанышы болмай ма?

Қазақ тарихынан , этнографиясы  мен өнерінен шабыт алатын дизайнерлеріміз көп болмаса да, бар. «Шебердің қолы көпке ортақ»  дегендей, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, атақты жүргізушілер, кәсіпқой қыз-келіншектер  көптеген шараларда отандық дизайнерлердің киім үлгілерін кие бастады. Олардың үстіндегі бәріне белгілі шет елдік D&G, Louis Vuitton сынды брендтерді, Aya Bapani, Aida Kaumenova шығарған киімдер алмастырып отыр. Жақында өткен әйгілі Қазақстандық Сән Апталығында (Kazakhstan Fashion Week) түрлі-түрлі қазақи оюлармен нақышталған сәнді де жарасымды киім үлгілерін көрдік.

Отандық сән әлемінде ерекше көзге түсіп жүрген дизайнердің бірі – Ая Бапани. Өнерге деген таланты әкесі ,қазақ көркемсурет өнерінің классигі  Әлібай Бапановпен ұштастырылады. Жас әрі талантты дизайнердің алға қойған мақсаты бар. Ол қазақ халқының бай  мәдениеті мен ұлттық ою-өрнектерінің әлдеқайда тартымды екенін дәлелдеу. Ұлттық мәдиенетті сақтай отырып, шет елдерде бірнеше сән көрсетілімдерін өткізді. Нәтижесі де жоқ емес. Жас дизайнер тек спортта ғана емес, сән үлгісінде де ел мәртебесін арттыруға болатындығын дәлелдеді. «Fashion TV Central Asia 2013» премиясында Орта Азияның үздік сән дизайнері атағын иеленді.

Табысты отандық дизайнердің бірі де бірегейі –Тек қана Қазақстанда ғана шектеліп қана қоймай, шет елдерде де «Aida KaumeNOVA» маркасымен брендті киімдер шығаруда. Аида өзінің сән әлеміндегі білімі мен тәжірибесін Талдықорған қаласында жинақтаған. 1997 жылы Алматы Технологиялық университетінде, «инженер-конструктор-модельер» мамандығын бітірді. 2002 жылы тәжірибесін  Италияда орналасқан«Carlo Во» мектебінде толықтырды. Қазіргі таңда Аида Кауменова шет елдік сән үйлерімен бірлесіп жұмыс жасауда. Тек жұмыс жасап қана қоймай, мықты бәсекелеске айналып келе жатыр. Ең бастысы, Қазақстандық fashion-индустрияға үлкен үлес қосуда.

Сән үлгісіне деген қызығушылығы жоғары жандар үшін «Fashion Guide» таптырмас бағдарлама. Әр елдің тарихы мен мәдениеті, он саусақтан өрнектелген киімдер туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық шығармаларын біздің сайтымыздан көре аласыздар.

http://kazakh-tv.kz/kz/programms/program/program_617_fashion-guide

 
1
0
20960

Осы тақырып бойынша