Қазақстанның ұлттық ғылыми-технологиялық парктері
Технологиялық парктер – заманауи инновациялық экономиканың маңызды элементі. Бүгінгі таңда елдің толыққанды инновациялық қызметі ғылыми және инновациялық орталықтар мен парктер, идеялар инкубаторы, алдыңғы қатарлы технологиялар орталықтары, технологиялық полистер, сараптамалар сынды жаңа аймақтық шаруашылық құрылымы негізінсіз дами алмайды. Олардың бәрі әлемнің жетекші индустриалдық аймақтарында жасалып, мамандандырылған инновациялық құрылым негізін құрайды. «Ғылыми-технологиялық парк» ұғымы ірі инновациялық құрылымды анқтайтын жалпылама негізінде қолданылады.
Технопарктер өндіріс пен ғылымды барынша жақындастыру жағдайында ғана мүмкін болатын, республикамызда құрылған ұлттық инновациялық жүйенің негізін қалаушы элемент болып табылады. Олардың даму жолындағы айырылмас шарты ішкі транспорттық коммуникациялар, аэропорттар мен халықаралық желілерге жақындығы – ыңғайлы экономикалық-географиялық орналасуы, венчурлік капитал нарығы және білікті жұмысшылар күшінің, ғылыми-техникалық әлеуеттің болуы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметімен инновациялық инфрақұрылым нышандарына қатысты бірқатар артықшылықтар қарастырылған.
Қазақстанның ұлттық ғылыми-технологиялық парктерінің арасынан келесі технологиялық құрылымдарды ажыратып айтуға болады.
1. 2005 жылы екінші атауы «Силиконды Алатау» деп аталатын, Алатау ауылында «Ақпараттар технологиясы паркі» құрылды. Ол спутниктік желілер байланысын жасап және қолданып, жеке компьютерлер шығарумен айналысып, плазмалық және нано технологиялар, жоғары технологиялық биометрлік өнім өндірісі, аэрофототүсіру, серверлер, телекоммуникациялар қызметін көрсетеді.

2. Атырау қаласында 2007 жылы 19.12 № 498 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» құрылды. Бұл арнайы экономикалық аймақты құрудағы мақсат мұнай-химия өндірісін дамытып және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

3. Курчатов қаласында 2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен атом саласына кең ғылымды инвестицияны тарту, перспективалық технологиялық талдамаларды іріктеу және іздестіру мақсатында «Токамак» ядролық технологиялар технопаркі құрылды. Қоғам қызметі ядролық технологиялар, радияциалық технологиялар, нано технологиялар және жаңа материалдарды жасау, баламалы және жаңартылған қуат көзі, энергия үнемдеу және т.б. сынды басым салаларда инновацияларды ендіру бойынша іске асырылады.

4. «Ғарыштық мониторинг технопаркі» құрамына Приозерскідегі «Ұлттық байланыс және радиоэлектроникалық орталық» антенналық кешені, Алматыдағы «Ғарыштық ақпарат алу орталығы», Астанадағы «Ұлттық ғарыштық мониторинг орталығы» кіреді. Приозерск қаласында орналасқан «Ұлттық байланыс және радиоэлектроникалық орталықтың» басты бағыттарының бірі, антенналық-фидерлік кешеннің негізіндегі ғарыштық мониторинг болып табылады. Сонымен қатар технопарк Жердің дистанциялық зерттеу деректерін қабылдауды тұрақты жүргізіп отырады.

5. Мұнымен қатар жақында ғана, 2014 жылдың 18 шілдесінде, Назарбаев Университетінде жалпы көлемі 2000 шаршы метрден аса аумақты алып жатқан технопаркті салтанатты ресми ашу рәсімі аясында Astana Business Campus Назарбаев Университеті Ғылыми паркінің тұсаукесері болып өтті. Технопарк, бизнес пен ғылымды дамыту жолында жаңа мүмкіндіктер туғызып және Назарбаев Университеті зияткерлік-инновациялық кластерін дамыту Жоспарын іске асырудың сәтті жалғасы болып табылады. Технопарк жанынан Технопаркті дербес электрлік және жаңғыртылған жылу энергиясы көзімен жартылай қамтамасыз ететін жаңғыртпалы энергетика полигоны құрылды.

Ұлттық технопарктер Қазақстанда қаржы және еңбек ресурстары, қолда бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдана, қазақстан экономикасының болашақта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудыруға қажетті жаңа салаларды құруға бағытталған. Бұл бір мезгілде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, сонымен қатар жалпы алғанда мемлекеттің экономикалық өрлеуіне тұрақты қарқында қол жеткізуіне септігін тигізеді.
Осыған орай, шексіз ғылым саласын, Қазақстанның жетістіктері мен ғылыми жаңалықтары жайлы Kazakh TV арнасында Infinite science бағдарламасы жүреді. Бағдарламаның соңғы шығарылымын Kazakh TV сайтынан көріңіздер:
