Egemen
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
44
пікірлер
0
тіркелуші
1
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
44
пікірлер
0
тіркелуші
1
жазылымдар
0
Маңғыстау полицейлері бір адамды құлдықтан босатты
АСТАНА. 9 тамыз. Маңғыстау полицейлері 28 шілде мен 1 тамыз аралығында «STOP-Трафик» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында Өзбекстанның бір азаматын құлдықтан босатты. Бұл туралы «Тумба» хабарлады.Полицейлердің айтуларынша, бұл адамды жергілікті біреу өзінің шаруа қожалығында жұмыс істеуге мәжбүрлеп көндірген. Тәртіп сақшылары оның жай-жапсарын тергеу құпиясы тарап кететін болғандықтан, әзірге құпия ұстап отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстің «Адамды заңсыз бостандығынан айыру» дегенді білдіретін 126-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Бұдан бірқатар уақыт бұрын Австралиядағы құқық қорғаушылар ұйымы қазіргі заманғы құлдықтың қандай жерлерге тарап жатанын ашып көрсететін зерттеу жұмыстарының деректерін жариялады. Оған 162 мемлекет кірген. Солардың қатарында Қазақстан 85-ші болып тұр. Зе…
Абай күні
Түрлі ұлттардың жастары хакімнің өлеңдері мен қарасөздерін нәшіне келтіріп тұрып оқыды
Өскеменнің орталық алаңындағы Абай Құнанбаев ескерткіші жанында «Абай күні» салтанатты іс-шарасы өтті. Келер жылы хакімнің туғанына 170 жыл толады. Осынау ұлы тойдың дайындық шаралары ақынның туған өлкесінде қазірдің өзінде басталып кетті.
– Біз биыл «Абай күнін» дәстүрлі түрде екінші мәрте өткізіп отырмыз. Аталған іс-шара аясында барлық мәдени мекемелерде арнаулы кештер ұйымдастырылды. Келесі жылы дала данасының 170 жылдық мерекесін кеңінен атап өтетін боламыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Толығырақ: http://egemen.kz/?p=33897
Ақтауда алаяқтардың банкоматтан ақша алуының жолы кесілді
АСТАНА. 5 тамыз. Ақтау қаласының тұрғыны банкоматтағы скиммерді байқап қалып, алаяқтардың бөтеннің ақшасын алып кетпек болған әрекеттеріне кедергі келтірді. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Ақтау ішкі істер басқармасынан хабарланғандай, «Казкоммерцбанктің» клиенті банкоматта тұрған скиммер қондырғысын байқап қалып, алаяқтардың одан ақша алып кетпен болған әрекеттеріне кедергі келтірген. Ер кісі банкоматтан скиммерді көргесін банктың колл-орталығына телефон арқылы хабарласып, болған оқиғаны айтып берген. Оқиға болған жерге келген қауіпсіздік бөлімінің маманы банкоматты тексеріп, полицияға шағым жазған. Банк осыдан кейін облыс орталығындағы барлық банкоматтарда скиммерлік қондырғылардың бар-жоғын тексеруді қолға алған.
толығырақ: http://egemen.kz/?p=33478
Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзған 6 десантшы жауапкершілікке тартылды
ҚОСТАНАЙ. 6 тамыз. Қостанай қаласында әуе десантшылары әскері күні мерекесін атап өткен 6 сарбаз тәртіп бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тарата айтар болсақ, 2014 жылдың 2 тамызында өздерінің төл мерекесінде жолақты көйлек киген 4 десантшы орталық гүлзардағы субұрқаққа шомылғысы келеді. Сарбаздарға осында кезекшілікте жүрген полицейлер құрылғылары электр тогымен жұмыс істеп тұрған мұндай жерге шомылуға тиым салынғанын білдіретін ескерту тақтайшаны көрсетіп, олардан суға түспеулерін талап етеді. Алайда, арақ ішкен төрт десантшы ескертуді тыңдағысы келмейді. Содан, полицейлер десантшыларды ішімдік ішкенін тексеретін арнайы орынға апарады. Медициналық сараптама олардың едәуір масаң екенін көрсетіп береді. Нәтижесінде, сарбаздар әкімш…
Астанада кәсібін жаңа бастаған азаматтарға грант ұтып алуға мүмкіндік бар
АСТАНА. 11 тамыз. Істің көзін тауып, кәсіппен шұғылданамын деген елордалық азаматтар грант ұтып алу үшін өтінім беруде. Бұл туралы astana.kz хабарлады. Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы елорда тұрғындарының арасындағы бизнеспен шұғылдануға ниет білдірген, арнайы бөлінген грантты ұтып алуға талаптанған азаматтардан 1 қазанға дейін өтінім қабылдайды. Байқауға қатыспас бұрын олардың «Бизнес кеңесші», «Бизнес кеңесші-I» және «Жас кәсіпкерлер мектебінен» секілді сындардан өтуі шарт. Барлық қажетті құжаттар мен байқауға қатысу туралы өтінімді басқарманың Бейбітшілік көшесі-11 мекен-жайында орналасқан 522-кабинетіне қалдыру керек. Басқа да қосымша ақпаратты 55-69-95, 55-69-16, 55-69-21 телефон нөміріне хабарласып білуге болады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: astana.kz. Фото: astana.…
Мұражай тағылымы
Адамзат баласы өзінің даму барысында көптеген тарихи-мәдени құнды дүниелерді жасап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп келеді. Өркениетті елдердің даму тарихы сол елдің мұражайларының қорларында сақталып, қорғалып насихатталады. Қазақ елінің тарихы көнеден келе жатқан құнды жәдігерлерге толы. Бұл рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, тәрбие, білім көздеріне айналып отыр. Бүгінде қазақ халқының орта ғасырлық ғылымы мен білімі, мәдениеті мен өнерінің кең тараған өлкесі Отырар даласы тарих жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтап келе жатқан ордалы орын.Республикада алғаш құрылған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының негізі 1967 жылы мектеп ұстазы, іскер Асантай Әлімовтың басшылығымен «Темір» орта мектебінен бастау алады.Тарихшы, өлкетанушы А.Әлімов мұражай құру, жәдігерлерді жинақт…
Теңізші
Елімізде бұл мамандықты игеру жайы қандай?
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасында еліміздің дамуы үшін қол жеткізу міндетті ұзақ мерзімді жеті басымдықты атап көрсеткен болатын. Оның бірі – инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс саласы болса, мұның ішінде су көлігі туралы арнайы айтылды. Су көлігі дегенде, Қазақстандағы жалғыз порт – Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты тілге оралады. Теңіздегі тегеурінділікті нығайту, қарқынды күшейтудің бір қыры – сала мамандарының біліктілігіне қатысты. Еліміздің алдына қойған мақсаттарға біз өз ісін жақсы білетін мамандармен, бесаспап теңізшілермен жететін боламыз.
Вьетнам соғысына қатысқан қазақ
«Жазмыштан озмыш жоқ». Жаратушы Жаббар иеңіз маңдайыңызға не жазды, соны көресіз. Бұл тек екі аяқты пендеге қатысты тәмсіл емес. Тұтас халықтың тағдырына да осындай жағдаяттар әсер етіп жатады. Бір ұлттың ішінен екіге жарылып, бір-біріне мылтық кезейтін тұсы да Алла тағаланың қалауынан шығар-ау. Әйтпесе, бір үйдің екі баласы бірін-бірі жау көретіндей не болыпты?! Әрине, саясаттың салқындығы, көзқарастың алшақтығы, дүниетанымның бөлектігі деген сияқты түрлі сылтауды алға тартуға болады. Бірақ оның өзі жазылып берген тағдыр екенін әсте естен шығармасақ керек. Қазақ жұрты Вьетнам соғысы туралы не біледі? Бір елдің ортасына құрт түсті. Қақ айырылды. Бір жағын Қытай мен КСРО қолдады. Екінші жақтағылардың қолтығына АҚШ су бүрікті. Содан қиян-кескі шайқас басталды. Шамалап алғанда, біздің Вьетна…
Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығымыз арта береді
АСТАНА. 20 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасы президентінің сапары екіжақты байланыстарды одан ары дамыта береді деп мәлімдеді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Оңтүстіккореялық серіктестермен шикізаттық емес саладағы ынтымақтастық жүйелі түрде кеңейіп келеді. Қазірдің өзінде 300-ден аса бірлескен кәсіпорын құрылды, соның ішінде жеңіл автомобильдер мен жүк және жолаушы тасымалы көліктерін құрастыру кәсіпорындары бар. Балқаш жылу электр стансасы, Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысы, «Жамбыл» кенішін игеру секілді ірі жобалар табысты ілгерілеуде. Сондай-ақ, келіссөздер барысында біз Пак ханыммен бірге корейлік бизнестің Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуы жайын талқыладық. Тараптар «технологиял…