Мазмұнға өту
Egemen

Egemen

Сайтта 2014 ж. 27 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

44

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Атышулы постердің авторлары 34 млн. теңге айыппұл төлейді

Құрманғазы мен Пушкинді «сүйістіріп» қойған атышулы постердің авторларына қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Сонымен қатар, олар республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кешірім сұрауға міндеттелді.

Еске сала кетейік, «Студия 69» гей-клубын жарнамалаған постер 24 тамыз күні әлеуметтік желілерге жариялана...

Толығымен...

0
0
482

Қызылорда облысында емші бала бір күнде бес мың науқасты емдейді

Қызылордалық 11 жасар Ербосын Серікбаевтан ем қабылдауға күніне бес мыңға жуық адам өтінішпен келеді. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Қызылорда облысы Аралқұм ауылының оқушысы Ербосын Серікбев қазір мектепке бармайды. Өзінің айтуынша, түсінде белгісіз қария аян беріп, «емшілік қасиетті қабылдамай жүрсің» деп жауапқа алған екен. Содан емшілік жолға түскен.

«Түнде кәдімгі өмірде емес, бөтен жақта жүрем. Адам емдеп жатамын. Молалардың қасында жүрем. Маған «сені тек қана адам емдеу үшін жібердім» дейді. Сосын мен өзіммен өзім жылай берем, неге бүйтеді деп», – дейді 11 жасар бала...

Толығырақ...

0
1
2279

Ілдебай немесе қарызға ақша іздеген қазақтың хикаясы

Салдырлаған сары «Мәскеуішімен» мал базардың қасынан өте берегені сол еді Бұтабайдың алатаяғы шошаң ете қалды. Бірақ ол таяғын шошаңдатуын шошаңдатып, тоқтатуын тоқтатса да шиқылдап барып жолдың шетіндегі шаңды бұрқ еткізген мұның мәшинесіне төрт дөңгелегі бар мүлік екен-ау, өзіне қалқиған құлағы бар адам екен-ау деп көз қырын да салған  жоқ.  Келесі «құрбаным» қай тұста келе жатыр екен дегендей ұзын жолдың бойына алақ-жұлақ қарайды.

– Ассалаумаәлейкүм, Бұтеке.

Қос қолын ұсынып елпілдей амандасқан бұған саусағының ұшын ғана ұстатқан...

Толығымен...

0
0
479

Жазықсыз соттағанға неге жаза жоқ?

2013 жылдың қысы. Сарыағаш қаласын салқындық басып тұр. Жоқ, бұл қыстың қаһарынан емес, пейілі мен ісіне орай бірнеше топқа жіктелген адамдардың арақатынасынан туындаған суықтық еді. Солардың бірі – жолдағы жүргізушілерді де, кеш қарая кешіккен жаяу жүргіншілерді де ұстап, ақшаларын берсе – қолынан, бермесе – ұрып-соғып, атып қансыратып, тартып әкете берген А. Эгамбаев бастаған қарақшылық топ. Бұлардың құрамында бес адам болды. Қарулы қылмыстық топ Шымкент қаласында құрылды. Әр мүшесінің әрекет ету кезіндегі...

Толығымен...

0
0
1757

Қарағандыда полиция қызметкері көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті

АСТАНА. 15 қыркүйек. Қарағандыда полиция қызметкері өзінің жеке «Лада Приора» көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, соның салдарынан 55 жастағы ер адам сол жерде жан тапсырды. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.

Толығырақ...

0
0
375

Оралда қаржы полицейі алаяқтығы үшін 7 жылға сотталды

АСТАНА. 19 тамыз. Бүгін Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облысы қаржы полициясы тергеу бөлімінің бастығы Қуаныш Исмурзинді «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлады.

«Орал қалалық сотының судьясы Варвара Дмитриенко Қуаныш Исмурзинді 7 жылға жазасын жалпы режімдегі колонияда өтеуге бас бостандығынан айырды», — делінген хабарламада.

Толығырақ: http://egemen.kz/?p=34833

0
0
321

Шекара шындығы

Шығыс Қазақстан облысы Ресей Фе­дерациясы және Қытай Халық Рес­пуб­ликасы сынды алып мемлекеттермен және Орталық Азия республикаларымен шектесетіні белгілі. Шекаралық аумақтың жалпы ұзындығы 2100 шақырымды құрайды. Әңгіме біздің алып державалардың қыспағында жатқандығымызда емес. Мәселен, Ресей мен Қытай жақтары бізбен шектесетін өңірлеріне ішкеріден халықты молдап әкеліп, соған орай инженерлік құрылымдар санын арттыруда, тұрғын үй кешендерін молдап тұрғызуда. Яғни, Қазақстанмен шекаралас өңірлерге көшіп келушілерге өркениетті түрде әлеуметтік жағдайлар жасауға баса назар аударып жатыр. Қытай Халық Республикасы тіпті, «Қарамай-Шәуешек» теміржол құрылысын аяқтауға шақ қалды. Шәуешек бізге тиіп тұр. Теміржолын тіреп, қаражолын күреп қойды. Батыс Қытай – Батыс Еуропа халық­аралық автомагистр…

0
0
823

Астанада 16 тамызда мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. 15 тамыз. Елордада 16 тамыз күні мектеп тауарлары мен оқу құралдары сатылатын жәрмеңке өтеді. Бұл туралы astana.kz хабарлады.

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін аталған жәрмеңке сенбіге ұйымдастырылып отыр. Мұнда оқушыға қажетті заттардың барлығы қолжетімді бағамен сатылады.

Жәрмеңке қаланың орталық алаңында өтеді. Онда елордалық кәсіпкерлермен қатар еліміздің өзге өңірлерінен келген іскер азаматтар да өз тауарларын ұсынбақ. «Біз кәсіпкерлерді таңдағанда тауар сапасына аса мән бердік. Сонымен қатар өз бағамызды қоямыз. Өйткені, әр ата-ана сапалы бұйымды қолжетімді әрі тиімді бағамен алуы керек», – дейді Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметкерлері.

Тағы бір айта кетер жәйт, 1 қыркүйекке дейін дәл осындай жәрмеңке тағы бір рет ұйымдастырылады.

0
0
308

Кеден одағы нарығына ұлттық брендтегі өнімдерді шығару керек

АСТАНА. 12 тамыз. Стратегиялық зерттеулер институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Бела Сырлыбаева қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен қатысушыларына Кеден одағы елдеріне ұлттық брендтегі өнімдерді шығаруды ұсынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингте Бела Сырлыбаева: «Кеден одағы нарығына кірудің ең әлеуетті салаларын атайтын болсақ, олар: мал шаруашылығы, астық және тамақ өнеркәсібі. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы біздің ел үшін таңсық емес, оның қалыптасқан көп жылғы дәстүрі бар. Тамақ өнеркәсібіне келетін болсақ, мұнда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді қарыштату керек. Біз ұлттық брендімізбен кіруіміз шарт және оған күшіміз жетеді. Мәселен, қазақстандық нан немесе ұлттық ет өнімін неге сатпасқа?!» – деді. Б.Сырлыбаева…

0
0
448

Жазықсыз соттағанға неге жаза жоқ?

2013 жылдың қысы. Сарыағаш қаласын салқындық басып тұр. Жоқ, бұл қыстың қаһарынан емес, пейілі мен ісіне орай бірнеше топқа жіктелген адамдардың арақатынасынан туындаған суықтық еді. Солардың бірі – жолдағы жүргізушілерді де, кеш қарая кешіккен жаяу жүргіншілерді де ұстап, ақшаларын берсе – қолынан, бермесе – ұрып-соғып, атып қансыратып, тартып әкете берген А. Эгамбаев бастаған қарақшылық топ. Бұлардың құрамында бес адам болды. Қарулы қылмыстық топ Шымкент қаласында құрылды. Әр мүшесінің әрекет ету кезіндегі атқаратын міндеті бес саусақтай анықталып, бекітілді. Кез келген қарсыласын атып өлтіретін бір ұңғылы шолақ мылтық, газды тапанша, небір пышақтар, медициналық бетперделер, құрылыс қолғаптары, пластикалық қамыт, аузы-басты, қол-аяқты таңып тастауға ыңғайлы жіп, бір сөзбен айтқанда, қар…

0
0
410