Мазмұнға өту
ERKANAT_NAIMAN

ERKANAT_NAIMAN

Сайтта 2016 ж. 11 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

103

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Сіз білесіз бе? 100 адамның бағын бір Генаға берген ғой.

Гена егіздердің сыңары екен. Спорттан әжептеуір хабарым болса да, осы жаңалықты жақында ғана естідім. Сыңары өзімен бірге жүреді екен, яғни промоутерлерінің бірі. Айтайын дегенім ол емес. Алып анадан туады дей ме?! Әдетте егіздер әлжуаздау келетін еді. Ал Гена болса әлемді мойындатқан күшті атанды, қазір оған тең келетін боксшы болмай тұр. Кеше ғана өз мәнсәбімда өзіме қарсы келетін боксшы таппай қиналдым депті батыр жігіт. 100 адамның бағын бір Генаға берген ғой.

0
0
227

Спорт дегеніміз шоу ғой

Спорт спорт спорт. Головкиннің жекпе-жегі туралы неге ақпарат аз. Белгілісі қазақстан және қазспорт арналарынан көрсетіледі, 17 қыркүйек күні. Қарсыласы туралы да мардымды ештеңе таппадым. Бір белгілісі Гена отандасымыз  бұл бокста да жеңіске жетеді)))))) Спорт дегеніміз кішігірім шоу ғой, 10 қыркүйек күні тамашалаймыз сол шоуды.

0
0
404

Қаншалықты рас?!

Қаншалықты рас?!

Тағы сол семей полигоны туралы арнайы шығарылымнан естігенім. Елдің  қысымымен Семей полигонында  1989 жылға деп жоспарланып қойған 10 шақты жарылыс тоқтатылыпты.  Яғни  тұңғыш рет Кеңес билігі ядролық қаруды сынауға шектеу жасаған. Бұл Невада Семей қозғалысының жетістігі екен. «Невада-Семей» қозғалысы Жапония, Франция, Америка азаматтарын  бір ұйымға жинай алды.Ал осы қозғалыс  әлемдік маңызға ие болуы үшін оның вице-президенті Мұрат Әуезов Американың батысынан шығысына дейін аралап шыққан екен.  Невададағы сынақ алаңдарын көріп,  Бернард Лаун сынды үлкен адамдармен кездесіп ядролық сынақтарды тыюдың жолдарын талқылаған.  Бұл қозғалыстың жұмысын бәсеңдетпей, одан әрі жандандыра беру керек екен деген ойға келдім.

0
0
227

Қазақ атамыздан сөз артылған ба?!

Бала тәрбиесі бей-жай қарайтын дүние емес. Қазақ атамыздан сөз артылған ба, баланы бесіктен деген. Үш жасқа дейін сіңірілген тәрбие сүйекке өтеді. Баланы ең әуелі қазақы етіп тәрбиелеген дұрыс деп санайтындардың қатарынанмын. Соңғы уақыттары қазақ арналарынан тым тәуір бағдарламалар мен сериалдар көрсетіле бастады. Бала жылтырға, көгілдір экранға жақын келеді ғой. Сол арада үнді сериалын көргенше қазақша сериалды қосып берсеңіз ұтылмайсыз дер едім. Өйткені өзіміздің құндылығымызды, менталитетімізді бала бойына сіңірмесең шетелге еліктеп пайда таппайсың. Бәрібір түптің түбінде өз салтымыз бен әдет-ғұрыпымыз ұмытылмауы керек. Бұл үшін сіз бен біз болып баламызды осы жолға тәрбиелейікші ағайын.

1
0
300

Астана әкімінің сыйлығына риза болдым!

Рио олимпиадасының дүбірі басылғанымен, қызығы таусылар емес. Данияр Елеусіновке Әсет исекешев табыстаған Ленд Крузер-300-ны айтсаңызшы. Кез-келген жігіттің арманы ғой. Қара тұлпар, көліктің төресі. Өзіне жарасып-ақ тұр. Менің де мінгім келіп кетті)))) Батыр анадан туады. Кез-келген ана өз баласының осындай болағанын қалайды. Ең үлкен бақыт осы шығар. Әлемнің үздігі атану. 8 миллиард адамның ішінен үздік шығу қандай бақыт!!  Батырларын құрметтеген билікке де рахмет.

0
0
327

РИО-дан оралған оғландардың алғашқы сұқбаты

Олимпиадашылардың эфирдегі алғашқы сұқбаты. Кеше Қазақстан телеарнасының жаңалықтарынан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов шықты. Білуімше, РИО-дан оралған оғландардың алғашқы сұқбаты. Дзюдодан әлемде екінші орын алу оңай емес. Өмірде қайдам, эфирден кіп-кішкентай, тығыншықтай жігіт екен. Шымыр екені телевизордың арғы жағында отырса да байқалып тұр. Спорттан бөлек, сөз саптауы, ой-пікірі, дүниетанымы ерекше екені байқалады.Қарапайым қазақ жігіттері осындай бикітерден көрініп, батырға айналып жатқаны қуантады. Қандай құрметке болса да лайық. Эфирден ресми тұлғаларды ғана емес, спортшы-чемпиондарымызды, халық танитын батырларымызды осылай жиі көрсетіп тұрса шіркін.

0
0
263

Қоғамдық кеңестердің пайдасын көргендеріңіз бар ма?

Қоғамдық кеңестердің пайдасын көргендеріңіз бар ма? Әсіресе оңтүстік өңірде Қоғамдық кеңестер кәдімгідей құзыретті дейді. Кез-келген мәселе болмаса да анау-мынау «вопростарыңызды» шеше береде-міс. Әкімдерде қоғамдық кеңестерден кәдімгідей ығысады екен. Кеңестер туралы арнайы шыққан заңды оқып шықтым. Құжат бойынша әжептәуір құзыреттері бар екен. Оны тек тәжірибеде қолданып, билік пен халық арасындағы мәселелерді көтерсе жақсы болар еді. Жаңадан құрылған құрылым болғандықтан әзірге кеңес жұмысының жетілдірер тұстары аз емес. Уақыт өте келе кәдімгідей күшті комиссияға айналады деген сенім бар. "Қазақстан" телеарнасындағы Қоғамдық кеңес деген тележобаның мүмкіндігін пайдаланып, олардың рөлін күшейткен дұрыс-ау.

0
0
274

Әттең экономикадағы қаржылық қиындықтар болмағанда

Қазақстандықтар арасында Алматыны жақсы көрмейтін адам жоқ шығар. 18 қыркүйекте ару Алматының 1000 жасы тойланады екен. Әттең экономикадағы қаржылық қиындықтар болмағанда, республика бойынша атап өтерме едік. Дегемен, ат шаптырып, бәйге бермесе де Алматы әкімдігі қалалықтарға тосын сый дайындап жатыр екен. Бір мезетте 12 мың адам сыятын Универсияданың спорт кешенінде үлкен той болады екен. Қазір кешеннің құрылысын тездетіп аяқтау үшін жанталасып жатқан көрінеді. Не де болса, қызық той болайын деп тұр. Алматылықтар сіздер қалай тойлайсыздар?

0
0
272

Қазір 17 мың адамның 742-сі ғана тірі.

1949-бен 1991 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының 17 мың тұрғыны Семей жерінде әскери борышын өтеген. Қазір сол тізімдегі  742  адамның ғана көзі тірі.  Кеше жаңалықтардан осындай сюжет көрдім. Семей қайда Батыс қайда деп ойлайтын едім. Сөйтсем бұл қасіреттің жетпеген жері қалмапты ғой. Тастемір Қажымағамбетов есімді ел ағасын көрсетті, шығыс өңірінде әскери борышын өтепті. Одан  бері 46 жыл өтсе де ядролық сынақтардың зардабын тартып келеді екен. Аяқ қолы сырқырап, үшінші перзенті бала кезінен мүгедек болып қалған.  Бейбіт жандардың тағдырына таңба таққан полигонды жабу, Қазақстанның ерен ерлігі. Осы аптада семейдегі сынақ алаңдарының жабылғанына 25 жыл толады екен, ел болып атап өту керек.

-1
1
213

Әскери мамандары бұл қадамды құптай бермейді,бірақ бұл дұрыс шешім болды

Үш күннен кейін Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференциясы өтеді екен. Кеше хабарлап жатыр. Қазірдің өзінде 50 мемлекеттен 200-ден астам делегат қатысатыны айтылды. Оның ішінде шет мемлекеттердің 31 парламент өкілі,11 үкімет мүшесі және 7 халықаралық ұйым өкілдері бар-мыс. Шарадан 25 елдің 50-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ақпарат таратпақ. Қазақстандағы көп жиынның бірі деп ойлауға келіңкіремейді. Себебі, әлемдегі ядролық әлеуеті жағынан ең күшті ел бола тұрып,одан бас тартқан Қазақстанның бұл қадамын әлем елдері қатты құрметтейді. Сондықтанда бұл жиынның орны бөлек, қатысушылардың ниеті жақсы. Қолында «шоқпары» бар елдерді сабасына түсіре алмай жатқанда, Қазақстан өз қаруы…

0
0
326