Әскери мамандары бұл қадамды құптай бермейді,бірақ бұл дұрыс шешім болды
Үш күннен кейін Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференциясы өтеді екен. Кеше хабарлап жатыр. Қазірдің өзінде 50 мемлекеттен 200-ден астам делегат қатысатыны айтылды. Оның ішінде шет мемлекеттердің 31 парламент өкілі,11 үкімет мүшесі және 7 халықаралық ұйым өкілдері бар-мыс. Шарадан 25 елдің 50-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ақпарат таратпақ. Қазақстандағы көп жиынның бірі деп ойлауға келіңкіремейді. Себебі, әлемдегі ядролық әлеуеті жағынан ең күшті ел бола тұрып,одан бас тартқан Қазақстанның бұл қадамын әлем елдері қатты құрметтейді. Сондықтанда бұл жиынның орны бөлек, қатысушылардың ниеті жақсы. Қолында «шоқпары» бар елдерді сабасына түсіре алмай жатқанда, Қазақстан өз қаруынан бас тартып, тынышталайық деп үлгі көрсетті. Бұл кез-келген елдің қолынан келмейтін дүние. Кеңестік кезеңнін әскери мамандары бұл қадамды құптай бермейді, бірақ уақыт бұл шешімнің дұрыстығын дәлелдеді.
