РИО-дан оралған оғландардың алғашқы сұқбаты
Олимпиадашылардың эфирдегі алғашқы сұқбаты. Кеше Қазақстан телеарнасының жаңалықтарынан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов шықты. Білуімше, РИО-дан оралған оғландардың алғашқы сұқбаты. Дзюдодан әлемде екінші орын алу оңай емес. Өмірде қайдам, эфирден кіп-кішкентай, тығыншықтай жігіт екен. Шымыр екені телевизордың арғы жағында отырса да байқалып тұр. Спорттан бөлек, сөз саптауы, ой-пікірі, дүниетанымы ерекше екені байқалады.Қарапайым қазақ жігіттері осындай бикітерден көрініп, батырға айналып жатқаны қуантады. Қандай құрметке болса да лайық. Эфирден ресми тұлғаларды ғана емес, спортшы-чемпиондарымызды, халық танитын батырларымызды осылай жиі көрсетіп тұрса шіркін.
