Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ атамыздан сөз артылған ба?!

Бала тәрбиесі бей-жай қарайтын дүние емес. Қазақ атамыздан сөз артылған ба, баланы бесіктен деген. Үш жасқа дейін сіңірілген тәрбие сүйекке өтеді. Баланы ең әуелі қазақы етіп тәрбиелеген дұрыс деп санайтындардың қатарынанмын. Соңғы уақыттары қазақ арналарынан тым тәуір бағдарламалар мен сериалдар көрсетіле бастады. Бала жылтырға, көгілдір экранға жақын келеді ғой. Сол арада үнді сериалын көргенше қазақша сериалды қосып берсеңіз ұтылмайсыз дер едім. Өйткені өзіміздің құндылығымызды, менталитетімізді бала бойына сіңірмесең шетелге еліктеп пайда таппайсың. Бәрібір түптің түбінде өз салтымыз бен әдет-ғұрыпымыз ұмытылмауы керек. Бұл үшін сіз бен біз болып баламызды осы жолға тәрбиелейікші ағайын.

1
0
301

Осы тақырып бойынша

Қазақ атамыздан сөз артылған ба?! - Yvision.kz