Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазір 17 мың адамның 742-сі ғана тірі.

1949-бен 1991 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының 17 мың тұрғыны Семей жерінде әскери борышын өтеген. Қазір сол тізімдегі  742  адамның ғана көзі тірі.  Кеше жаңалықтардан осындай сюжет көрдім. Семей қайда Батыс қайда деп ойлайтын едім. Сөйтсем бұл қасіреттің жетпеген жері қалмапты ғой. Тастемір Қажымағамбетов есімді ел ағасын көрсетті, шығыс өңірінде әскери борышын өтепті. Одан  бері 46 жыл өтсе де ядролық сынақтардың зардабын тартып келеді екен. Аяқ қолы сырқырап, үшінші перзенті бала кезінен мүгедек болып қалған.  Бейбіт жандардың тағдырына таңба таққан полигонды жабу, Қазақстанның ерен ерлігі. Осы аптада семейдегі сынақ алаңдарының жабылғанына 25 жыл толады екен, ел болып атап өту керек.

-1
1
214

Осы тақырып бойынша

Қазір 17 мың адамның 742-сі ғана тірі. - Yvision.kz