Қоғамдық кеңестердің пайдасын көргендеріңіз бар ма?
Қоғамдық кеңестердің пайдасын көргендеріңіз бар ма? Әсіресе оңтүстік өңірде Қоғамдық кеңестер кәдімгідей құзыретті дейді. Кез-келген мәселе болмаса да анау-мынау «вопростарыңызды» шеше береде-міс. Әкімдерде қоғамдық кеңестерден кәдімгідей ығысады екен. Кеңестер туралы арнайы шыққан заңды оқып шықтым. Құжат бойынша әжептәуір құзыреттері бар екен. Оны тек тәжірибеде қолданып, билік пен халық арасындағы мәселелерді көтерсе жақсы болар еді. Жаңадан құрылған құрылым болғандықтан әзірге кеңес жұмысының жетілдірер тұстары аз емес. Уақыт өте келе кәдімгідей күшті комиссияға айналады деген сенім бар. "Қазақстан" телеарнасындағы Қоғамдық кеңес деген тележобаның мүмкіндігін пайдаланып, олардың рөлін күшейткен дұрыс-ау.
