«Дипломмен ауылға – 2015!»
Біз достасу үшін кездестік... 2015 жылғы 21,22 тамыз күндері Павлодар облысының Баянауыл ауылындағы «Дипломмен ауылға – 2015!» облыстық форумы осындай ұранмен өтті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында «ЖаStar ИнЕУ» қоғамдық бірлестігі Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірге «Дипломмен ауылға – 2015!» атты екікүндік облыстық форум өткізді, бұл «Ауыл жастарын қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасының қорытынды кезеңі болды. Форумның басты мақсаты – ауылдағы әлеуметтік сала мамандарын мемлекеттік қолдаудың негізгі идеясын жас азаматтарға жеткізу. «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жұмысқа орналасу мәселесін шешуге, жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді, оның үстіне сұранысқа ие мамандықтар тізімі үнемі кеңе…