ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Тарих тармағымен – болашаққа қадам» аймақтық Жас Көшбасшылар мектебі

«Тарих тармағымен – болашаққа қадам» аймақтық

Жас Көшбасшылар мектебі

Қазақ хандығының мерейтойына байланысты Жастар бастамаларын дамыту орталығы 2015 жылдың 17-нен 20 тамыз күндері аралығында «Черноярская жемчужина» демалыс орнында Жас көшбасшылар мектебін өткізді. Мұнда Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Батыс-Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстары мен Астана қаласының өкілдері келді. Биылғы ЖКМ Қазақ хандығының 550-жылдығына арналып, «Тарих тармағымен – болашаққа қадам» ұранымен өтті.

Қатысушыларды топтарға(қағанаттарға): Ұлы Жүз, Орта Жүз, Кіші Жүздерге бөлу кілтті бөлімі болды. Бөлу қолды сканерлеу мен компьютердің кездейсоқ таңдауы арқылы жүзеге асты. Осы үш күн бойы әр жүзге өзінің тобын ілестіру үшін куратор белгіленді.

Мектеп бағдарламасына сай өкілдер оқыды, танысты, ойнады, сонымен қатар салауатты өмір салтын үгіттеді. Әр таң белсенді әрі көңілді жаттығудан басталып, кейін таңғы ас пен тренинг алаңдарындағы жұмыспен жалғасты. Бірінші күні қатысушыларға «Қазақ хандығының 550-жылдығы» тақырыбындағы сұрақтардан құралған «Қыз қуу» ойыны ұсынылды. Күннің соңында барлығы «Достық ордасында» қосылып ән шырқап қана қоймай, сонымен бірге өткен күн жайлы өз ойларымен бөлісті.

Келесі күні барлығын жаңа бағдарлама күтті. №1 қағанатта «Отбасым», «Бесбармақ» рөлдік ойындар тақырыбындағы тренингпен халықаралық және ұлттық бағдарламалардың жетекші эксперті Асқарова Лязят Қажытайқызы, №2 қағанатта «Правильное принятие управленческих решений» тақырыбындағы тренингті бизнес-тренер Досмагулов Қуаныш, №3 қағанатта «Мечта. Цель- правильная мотивация для успешной самореализации» тақырыбындағы тренингті эксперт Күнтуған Еркебұлан өткізді. Кейін қонақтарға Назарбаев Зияткерлік Мектебінің өкілдерімен ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар бойынша мастер-класс өткізіген кезде, қатысушылар «Арқан тартыс», «Асық ату», «Жеті тас» ойындары бойынша жарысты. Кейін жүздерге «Құдаласу» театрландырылған қойылымға дайындалу үшін уақыт берілді. Өз қойылымдарында қатысушылар «Сырға салу», «Қыз ұзату» және т.б. салт-дәстүрлер туралы өз білімдерін, шеберліктерін көрсете білді.

Сонымен қатар, Жас көшбасшылар мектебінің бағдарламасына қатысу үшін «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында лекция дайындаған мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің қызметкерлері шақырылды.

Соңғы, қорытынды күні қатысушыларды жаңа тренингтер күтті: «Национальная карта мира, как способ самопознания человека», «Все что тебя касается», «Манипуляция – для выхода из ситуации, как читать мысли».

ЖКМ маңызды оқиғалардың бірі Қазақ ханың сайлау үшін құралған Құрылтай болды. Жарыс қызыққа толы әрі қанық өтті. Сайлау науқаны қызыған түрде жүргізілді және жабылу салтанатында үш жүздің ханы болып Орта Жүздің ханы- Алматы облысының өкілі Аян Нұрболат жарияланды.

Күннің қорытындысында қалыптасқан дәстүр бойынша командалар «Бастаңғы» жастардың кешінде, кейін «Достық ордасында» жиналды. Отырыс кезінде жастар жемісті өткен күн жайлы өз ойлары мен әсерлерімен бөлісіп, қатысқандығы үшін сертификатпен марапатталды.

Іс-шара барысында қатысушылар, мүмкіндігінше, ата-бабаларымыздың, өз өлкеміздің тарихын зерттеп, құнды білім алып, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, танымдық семинарлар мен тренингтерге қатысты. Міне, осындай іс-шаралар арқылы түрлі деңгейдегі жастар арасында шығармашылық диалог үшін тұғырнама құрылып, олардың ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға және бір команда ішінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріледі.