Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Дипломмен ауылға – 2015!»

 

Біз достасу үшін кездестік... 2015 жылғы 21,22 тамыз күндері Павлодар облысының Баянауыл ауылындағы «Дипломмен ауылға – 2015!» облыстық форумы осындай ұранмен өтті.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында «ЖаStar ИнЕУ» қоғамдық бірлестігі Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірге «Дипломмен ауылға – 2015!» атты екікүндік облыстық форум өткізді, бұл «Ауыл жастарын қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасының қорытынды кезеңі болды.

Форумның басты мақсаты – ауылдағы әлеуметтік сала мамандарын мемлекеттік қолдаудың негізгі идеясын жас азаматтарға жеткізу. «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жұмысқа орналасу мәселесін шешуге, жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді, оның үстіне сұранысқа ие мамандықтар тізімі үнемі кеңеюде. Ауылдың жас мамандары үшін Президенттің сөзі басты бағдар болды. Жобаға дипломдарын енді алған оқу орындары түлектерінің ғана емес, сонымен қатар соңғы үш жылда ауылда оқу және тұру үшін келген еңбек өтілі бар мамандардың да қатысуы жоспарланған. Бірінші күні форум қатысушылары тренингтер, психологиялық ойындар, мәселелерді айту, оларды ойнап көрсету арқылы проблемалық жағдайларды шешу түрінде көптеген ақпарат алды, бұл күн шай үстінде танысу кешімен аяқталды.

Ал екінші күні «Дипломмен ауылға – 2015» конкурсында бірінші орынды иелену үшін нағыз күрес басталды, форум қатысушыларының барлығы өз материалдарын шеберлікпен ұсынды, проблемалар да, оларды шешу жолдары да, мәселелер де, міндеттер де осында, бұл конкурстағы ең бастысы олардың барлығы өзінің маңыздылығы мен жауапкершілігін түсінеді. Лебяжі ауданының командасы сөзсіз көш бастады, 2-орынды Баянауыл мен Качир аудандарының командалары өзара бөлісіп, 3-орынды Екібастұз бен Ертіс аудандарының командалары алды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік мүсіншелер табыс етілді, форумның барлық қатысушылары «Дипломмен ауылға – 2015» облыстық форумына белсенді қатысқаны үшін сертификаттар алды. Жобаның ұйымдастырушысы «Жастар ИнЕУ» ҚБ болғандықтан, Инновациялық Еуразия университетінің ректоры э.ғ.д., профессор М.А.Баяндиннің атынан Форумды өткізуде көрсеткен көмектері үшін атаулы сыйлықтар белгіленді, Баянауыл ауданының ЖБДО басшысы Мубараков Ержанға ұялы телефонмен, Качир ауданының ЖБДО басшысы Толепбергенов Азамат музыкалық орталықпен және Лебяжі ауданы ЖБДО маманы Ибадуллин Абай ұялы байланыс номерлерімен және интернет- Гбайттарымен марапатталды, ИнЕУ проректоры, п.ғ.д., профессор Б.Д.Каирбекова бес ауданның жас педагогтарын: Екібастұз ауданынан Жаканова Армангуль, Успен ауданынан Бейсенов Ержан, Качир ауданынан Батыргужинова Дилара, Павлодар ауданынан Сыздыкова Салтанат пен Железин ауданынан Жайрамбаева Айгеримді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Өзінің кәсіби міндетін атқару үшін ауылға келгендерге бұл естен кетпес екі күн болды.

   

0
0
679

Осы тақырып бойынша

«Дипломмен ауылға – 2015!» - Yvision.kz