Баспасөз- хабарландыру
Баспасөз- хабарландыру
Ағымдағы жылғы 28 тамыз күні Жастарға қызмет көрсету орталығының алдында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінің барлық бөлімдері мен қызметкерлерінің бағыттары бойынша кеңестер өтетін, ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған Ашық есіктер күнін өткізеді.
Мұнда сіздерге:
- заңгер-инспектор;
- психолог-инспектор;
- кәсіпкерлік қызмет бойынша инспектор бизнес жоспарын құрастыруға, жобаны іске асырудың ерте кезеңдерінде көмек көрсетеді;
- жұмыспен қамту бойынша инспектор қаланың мекемелеріндегі бос орындардың кең ауқымын ұсынады. Сізге енді жұмыс іздеуде жүздеген сайттарды бақылап, ондаған газеттерді қарастыру қажет емес.
- тұрғын үй мәселелерін шешу жөніндегі инспектор Сіздің арманыңызды жүзеге асыру үшін қажет құжаттар туралы, жаңа бағдарламалар туралы хабардар етеді;
- жастарды оқыту және бос уақытын қамту бойынша инспекторлар, оқыту немесе тағылымдамадан өтуге қол жетімді бағдарламаларды ұсынады.
28 тамыз күні сағат 10:00-де Ломов көш., 38 мекен-жайына кел. Сіз мүлдем ТЕГІН сараптамалық кеңес алу мүмкіндігіне ие боласыз. Сондай-ақ , біз жемісті ынтымақтастық және сіздің қызықты жобаларыңызды іске асыру үшін жас және жігерлі адамдар шақырамыз.
