Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

« АҢСАР-2015» республикалық жыр байқауы

Жақында, «Алдаспан» жас ақындар клубының белді мүшелері Замира Солтанова, Мереке Амантай, Ахмет Ахмади және Бәкіжан Кәкім Астана қаласында өткен «Аңсар-2015» республикалық әдеби жыр байқауының салтанатты жабылуына барып қайтты. «Иновациялық даму» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан халқының отбасылық құндылықтары мен салт-жоралары» атты семинарына жас ақындар қатысып, ерекше алғырлық таныта білді. Аталмыш семинардың негізгі мақсаты, ұлттық салт – жораларды дәріптеу және ата-баба ізімен келе жатқан ұрпақтың тәлім-тәрбиесін қамтамассыздандыру. Жыл қортындысы бойынша, жас ақындар клубының мүшесі Бәкіжан Кәкімнің өлеңдері «Аңсар-2015» жыр жинағына енді және осы жолы республикалық «Тележурналистика» байқауында клуб мүшесі Замира Солтанова 1- орын иеленді. Сонымен қатар, клу…

0
0
2204

Ақылды соғыс

Жастар бастамаларын дамыту орталығында зияркерлік жай туындады. Орталық залында ең білімпаз команда атағы үшін тапқырлар арасында нағыз соғыс басталды. Зияркерлік ойындар бойынша ІІІ Чемпионатта Қазақстанның алты қаласынан он алты команда қатысты. Чемпионаттың бастамашысы «Что? Где? Когда?» Павлодар клубы. Қатысушылардың айтуы бойынша, ойынды ұйымдастыру және өткізу дәрежесі жоғары деңгейде болды, тіпті мұндай қиын сұрақтарды күтпегендерін де мойындады. Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері де «ЖБДО» тобын құрап, өз білімдерін көрсету мүмкіндігін жібермеді. «Что? Где? Когда?» турниріне қатысушы, Орталық командасының мүшесі Алдияр Апсаликов : «Ойын тартысты өтті, қарсыластардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Дегенмен сұрақтар Қазақстандықтарға мамандырылған болса жақсы бол…

0
0
444

Студенттер қатарына қосылу

Жастарға қызмет көрсету орталығының холында мерекелік көңіл орнады. Түрлі түсті шарлар, қарқынды әуен, жарқын бейнелі, әзілді плакаттар, барлығы да студенттік тақырыпты танытып тұрды. Ал міне, хол енді салтанатты рәсім кейіпкерлеріне – бірінші курс студенттеріне толды.

Павлодар қаласының басқару колледжі өзінің жаңа тәрбиеленушілеріне нағыз  студент қатарына қосылу шарасын ұйымдастырды. Сахнада ұядан ұшқалы тұрғандардан тілек сөздер естілді. Ұстаздар студенттер жайлы жүргізушілердің қисын сұрақтарына жауап бергенінен өз тәрбиеленушілерін әлде қайда жақсы танып үлгергенін байқадық. Кештің соңында «Апрель» рок тобы шығып өнер көрсетті. Бұл топ мүшелері де басқару колледжінің студенттері.

0
0
657

Одағының Қонақтар

«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінде «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Орталықтың қонақтары үшін негізгі мақсат топта жұмыс жасау мен шешендік өнерді меңгеру болып табылатын тренингтер өткізілді. Пікірталасты жүргізудін негіздері де берілді. «Самрұқ» жастар бірлестігінің төрағасы Сәулет Габбас қонақтармен қысқа семинар өткізу арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынасты құру негіздерімен бөлісті.

Бұндай қанық кездесу кәсіподақ мүшелерін қызықтырғанын, Павлодар облысы Кәсіподақ орталығы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сін өзара серіктестікке шақырғанынан белгілі болды.

0
0
327

Блогинг негіздері

Түрлі кәсіп пен қызметте жүрген жиырма жас адамды бір мәселе біріктірді: өз жобаларын интернет желісінде қалай дамытып, оны көпшілікке тарату. Ғаламдық торда сайт, блогтар арқылы өзінің ойларын іске асырудың маңыздылығын интернет-қолданушыларға Алексей Браво ретінде танылған Алексей Кубрак айтты. Интернет бойынша жобаны кез келген ілгерілету негіздерінің бірі - медиа материалдар, бейресми әңгіме арқылы ол осы жұмыстың өзгешеліктерін анықтады. Тындармандар желіде жарнамалаудың түрлі тәсілдері туралы егжей-тегжейлі түсінік алды. Сонымен қатар, Алексей өзінің блоктау тәжірибесімен бөлісті. Бұл үлкен қызығушылық туғызды, себебі кездесуге қатысқандардың көпшілігінде өз қызметтері туралы танылмаған блогтары бар. Қатысушылардың айтуы бойынша өз ісінің тәжірибелі маманымен өткен бұл кездесу олард…

1
0
379

Жеңіспен оралды

20-24  қазан күндері Астана қаласында Ұлттық  Дельфи ойындар өтті. Дельфий ойындарында қатысу үшін 33 павлодарлық аттанды. Он бір жыл бойында біздің талантты жастарымыз бос қолымен қайтатын, дегенмен осы жолы айымыз оңынан түсті. Тележурналистика номинациясында Солтанова Замира жүлделі бірінші орынға, Тілеген Көгершін үшінші орынға жайғасты. Павлодарлық жас суретші Ергазинова Мадинаға алтын бұйырды. Жастарымыздың заманауи биі де әділ қазылардың ойынан шықты  - «Вдохновение» тобы жүлделі үшінші орынды иеленді. «Зори Иртыша» тобының бишілері  ең жарық өнер үшін үздік дипломмен марапатталды.

Бұл жеңістер өз шығармашылығын халыққа ұсынуға дайындалып жүрген жастарға мықты уәждеме болды.

0
0
474

ЖҚО көмек көрсетуге асығады

«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» өзінің көшпелі ЖҚКО-ғын жалғастыруда. Осы жұмада қызметкерлер «Кастинг» ЖШС-не барды. Жас зауытшылар ЖҚКО-ның қызметкерлерін сұрақтар астына алды. Инспектор кеңесіне ниеттенгендердің көптігінен кездесу уақытын ұзартуға тура келді.

Көшпелі ЖҚКО «Самал» оңалту орталығында да болды. Орталықтың тәрбиеленушілері тұрғын үй мәселесіне аса қызығушылық танытты. Сонымен қатар, жастарды психологиялық және заңды көмек боййынша кеңес алу мүмкіндіктері қызықтырды.

Кездесулер назардан тыс қалып жатқан жоқ. ЖҚКО қызметімен таныстыру жұмыстарынан кейін көптеген жас адамдар орталыққа жан-жақты кеңес алу үшін келетін болды.

0
0
499

Полиглот болу – қолжетімді

Шет тілдерін меңгеру  бүгінгі таңда сән емес, керісінше қажетті дүние. Мұны «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінің қызметкерлері 60 колледж студенттеріне «Алфавит» және «Новое поколение» тілдер орталықтарын таныстыру арқылы дәлелдеді. Шақырылған полиглоттар жастарға оқытудың жаңа әдістері мен алғашқы тегін сабақтарды алу мүмкіндіктері жайлы айтты.

Сонымен қатар, кездесу барысында, ЖБДО негізінде барша ниет білдірушілерге өткізіліп жүрген тіл клубтары жайлы хабарланды.  Бұл қытай тілінің клубы (әр сейсенбі сағат 15:00-де) және ағылшын тілінің клубы (әр бейсенбі сағат 16:00-де).

0
0
816

Мобильді ЖҚКО

Мобильді ЖҚКО-ғы «Аэропорт Павлодар» АҚ-ның жас қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ақпараттық-түсіндірмелі бағдарлама аясында жастардың алдыңда Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінің қызметкерлері сөз сөйледі. Аэропорт қызметкерлеріне орталықтың жалпы принциптерімен қатар заңды көмек көрсету, кәсіпкерлікті дамытуда жәрдемдесу сервистерінің және психолог-инспектордың жеке кеңестері  бар екендігі хабарланды. Кездесу барысында анықталғандай, тыңдаушылардың көпшілігі Орталықтың көмегімен көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктері туралы алғаш естіген.  Бұл жайт мұндай ағартушылық кездесулер қажеттігін қуаттай түсті.

0
0
313

Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі!

Екі жүзден астам жас павлодарлықтар өз еңбек жолы мен жарқын болашағына қадам басты. Бүгін, Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті бос қызмет орындарының жәрмеңкесі өтті. Мұндай акциялар әлеуметтік жұмыс орындары туралы хабарлап қана қоймай, жас адамдарға жеке әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуге, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. 16 шағын кәсіпорындармен қатар, «Қазақстан алюминийі» АҚ, ПМХЗ ЖШС сынды ірі кәсіпорындар талантты, бәсекеге қабілетті кадрларды іздеуде жәрмеңкені аралап қайтты. Сонымен қатар, Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік берілді. Әрбір өтініш берушіге «Жұмыспен қамту…

0
0
363