Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Полиглот болу – қолжетімді

Шет тілдерін меңгеру  бүгінгі таңда сән емес, керісінше қажетті дүние. Мұны «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінің қызметкерлері 60 колледж студенттеріне «Алфавит» және «Новое поколение» тілдер орталықтарын таныстыру арқылы дәлелдеді. Шақырылған полиглоттар жастарға оқытудың жаңа әдістері мен алғашқы тегін сабақтарды алу мүмкіндіктері жайлы айтты.

Сонымен қатар, кездесу барысында, ЖБДО негізінде барша ниет білдірушілерге өткізіліп жүрген тіл клубтары жайлы хабарланды.  Бұл қытай тілінің клубы (әр сейсенбі сағат 15:00-де) және ағылшын тілінің клубы (әр бейсенбі сағат 16:00-де).

   
0
0
817

Осы тақырып бойынша

Полиглот болу – қолжетімді - Yvision.kz