Жеңіспен оралды
20-24 қазан күндері Астана қаласында Ұлттық Дельфи ойындар өтті. Дельфий ойындарында қатысу үшін 33 павлодарлық аттанды. Он бір жыл бойында біздің талантты жастарымыз бос қолымен қайтатын, дегенмен осы жолы айымыз оңынан түсті. Тележурналистика номинациясында Солтанова Замира жүлделі бірінші орынға, Тілеген Көгершін үшінші орынға жайғасты. Павлодарлық жас суретші Ергазинова Мадинаға алтын бұйырды. Жастарымыздың заманауи биі де әділ қазылардың ойынан шықты - «Вдохновение» тобы жүлделі үшінші орынды иеленді. «Зори Иртыша» тобының бишілері ең жарық өнер үшін үздік дипломмен марапатталды.

Бұл жеңістер өз шығармашылығын халыққа ұсынуға дайындалып жүрген жастарға мықты уәждеме болды.
