Студенттер қатарына қосылу
Жастарға қызмет көрсету орталығының холында мерекелік көңіл орнады. Түрлі түсті шарлар, қарқынды әуен, жарқын бейнелі, әзілді плакаттар, барлығы да студенттік тақырыпты танытып тұрды. Ал міне, хол енді салтанатты рәсім кейіпкерлеріне – бірінші курс студенттеріне толды. 
Павлодар қаласының басқару колледжі өзінің жаңа тәрбиеленушілеріне нағыз студент қатарына қосылу шарасын ұйымдастырды. Сахнада ұядан ұшқалы тұрғандардан тілек сөздер естілді. Ұстаздар студенттер жайлы жүргізушілердің қисын сұрақтарына жауап бергенінен өз тәрбиеленушілерін әлде қайда жақсы танып үлгергенін байқадық. Кештің соңында «Апрель» рок тобы шығып өнер көрсетті. Бұл топ мүшелері де басқару колледжінің студенттері.

