Мәжіліс депутаты ауыл жастарымен кездесті
2016 жылғы 9 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Лебяжі аудандық филиалының мәжіліс залында, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Айзада Амангелдіқызы Құрманова аудан жастарымен кездесті. Кездесуді кіріспе сөзбен бастаған аудан әкімі С.Жанғазинов жастарды таныстырып, сөз кезегін А.А.Құрмановаға берді. Айзада Амангелдіқызы жастардың жылы шыраймен, ақ көңілмен қарсы алғандарына рахметін айтып, Елбасының сындарлы саясаты төңірегінде сөз қозғады. Әсіресе, Жастар саясатына ерекше тоқтала кетіп, жастарға өз ақыл - кеңесін берді. Айзада Амангелдіқызы: «Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, сіздер, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландарысыздар, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған…