Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

Кәрім Мәсімов Ерлан Сағадиев туралы: Балмұздақ сатушы еді, енді министр болды

Естеріңізде болса, 6 тамыз күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапары барысында Павлодар облысының жастарымен кездесу өткізді. Кездесу Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылды. Мәсімов Кәрім Қажымұқанұлын және үкімет басшылығындағы қонақтарды Орталық директоры Садықова Айгүл Абылайханқызы қонақжайлық танытып қарсы алса, директор орынбасары Жүсіпбаев Саят Бейбітұлы Жастар орталығының бөлімдерімен танысдырды. Кездесу аясында көтерілген негізгі мәселелер «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыруда жаңа бағытты енгізу, «Start-Up» арқылы жастар кәсіпкерлігін дамыту және өз бетінше шетелдік ЖОО-ларда оқып жүрген жастарды жұмысқа орналастыру үшін өңірлердің тартымдылығы Картасының әлеуеті болды. Үкімет басшысының кездесуі «сұрақ-жауап» түрінде өтті. Сон…

2
4
1229

Берік Уәли — ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі

Танымал тележурналист, қоғам белсендiсi Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрлігiне қызметке барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Берiк Уәли министрдiң кеңесшiсi әрi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды. «Қазiргi таңда министрлiкте Ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын арнайы департамент құрылуда. Алдағы уақытта министрлiк осы департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтудi көздеп отыр. Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарды. Өз кезегімізде Берік Уәлиді жаңа қызметі…

0
0
564

«FIFA-2016» ойындары Павлодарда өтті

Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Brooklyn»   клубымен бірлесе қайырымдылық акциясын өткізді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының жасөспірімдерімен қызықты «FIFA-2016» футбол ойындарының турнирінің куәсі болдық.

Ойыншылар атақты «Реал Мадрид» және «Барселона» командаларына бөлініп, екі адамнан жарысқа түсті.

Жарыс қортындысына келсек:  І-ші орынды Капиятов Карим алса, ІІ-ші орын Суятан Дариғаға бұйырды. ІІІ-ші орынды  Феоктистов Адам қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Осындай іс-шараларға  «Brooklyn»   клубының директоры Асхат Тусупов әрқашан клубтың есігі ашық екенін жеткізді.

0
0
666

Гарри Поттер туралы сегізінші кітап жарық көрді

Хогвартс сиқыршысы Гарри Поттер туралы сегізінші кітап жарық көрді, - деп хабарлайды көптеген шетелдік БАҚ, соның ішінде The New Paper, The Independent, Telegraph. Сатылымдар дүние жүзі бойынша түн ортасында басталды. "Гарри Поттер және қарғыс атқан бала" жаңа кітабы әзірше тек ағылшын тілінде шықты. Оның желісі "Гарри Поттер және ажал сыйлары" атты жетінші кітабында болған оқиғалардан кейін 19 жыл өткенде суреттеледі. Кітап салтанатты түрде Лондон, Эдинбург және Манчестер қалаларында таныстырылды. Waterstones ағылшын кітап дүкендер желісінің 140 дүкенінде осы таныстырылымның жаңа бөлімінің шығуына байланысты түнде арнайы костюммен сауық кештері өтті. Ресейлік көптеген БАҚ-тың мәліметі бойынша, " Мәскеу кітап үйінде" ағылшын тілінде шыққан кітап тамыз айының бірінде шығады. Ресейде кітап…

0
0
1028

«Quest-Pavlodar» ойыны өтті

Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастарға қалай бойы «Quest-Pavlodar» ойының өткізді. Ойынға төрт команда қатысып, ой зеректіліктері мен шапшандылықтарын көрсетті. Қатысқан командалар: «A», «HOME CREDIT PAVLODAR», «ЗООПАРК», «GIRLS». Орталық жағажайда қатысушыларға түрлі түсті жиделер таратылып, ойын шарттары түсіндірілді. «Ойын ережесіне сәйкес қадағалау нүктелері орнатылған бағыттар бойынша жүріп өту керек. Әр нүктеде командаларға түрлі сипаттағы тапсырмалар берілді - шығармашылық, лигикалық, физикалық төзімділігіне қатысты және т.б. Ереже бойынша тиісті бағытты ең аз уақыт ішінде жүріп өткен және барлық тапсырманы дұрыс орындап шыққан команда жеңіске жетеді. Квест-ойыны түріндегі жарыс қатысушылардың қала тарихы, Отан және басқа…

0
0
2172

Facebook туралы қызықты деректер

Facebook – әлемнің миллиондаған нүктесін ұштастырып отырған ірі әлеуметтік желі. Ашық пікір алаңына айналған желінің тарихы және негізін қалаушысы Марк Цукерберг туралы қызықты деректерге қаныққыңыз келе ме? – Егер Facebook-тен қате тапсаңыз, Марк Цукерберг сізге 500-20 000 АҚШ доллары аралығында ақшаны сыйға тартады. – Google-ге қарағанда Facebook күніне екі есе көп қолданылады. - Сіз тек Марк Цукербергтің парақшасын еш уақытта бұғаттай алмайсыз. Ал егер бірнеше рет қайталасаңыз, парақшаңызбен қоштаса беріңіз. – Facebook тек көк түспен безендірілген, өйткені қызылды-жасыл түстен Марктің көзі ауырады. – Сирия, Иран елдерінде Facebook-ке кіруге тыйым салынған. – Facebook айына 12,6 сағат уақытыңызды ұрлайды. Есесіне Марк минутына 450 доллар табады. – Марк Цукербург Қытай еліне күйеу бала б…

0
0
1286

«Әлемдік үйлесімділік жүгірісі»

Баянауылдықтар «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды қарсы алды. Биыл үйлесімділік жүгірісі Қазақ елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды аудандық «Жастар орталығы» ,дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жас дәурен» сауықтыру орталығы,қарсы алды. Биылғы «Әлемдік үйлесімділік жүгірісінің» үйлестірушісі — Дәурен Оспанов Баянауылдықтарға жылы лебізін білдіріп, жиналған қауымға кезек-кезек бейбітшілік алауын ұстатты. «Әлем жүгірісі» - халықаралық шырақты жеңіл атлетикалық эстафетасы әр ұлт өкілдері арасындағы бірлестікпен бейбітшілікке шабыттандырады, патриоттық сезімді оятады, салауатты өмір салтын насихаттайды. Эстафетаның жалғасын табу үшін жағылған шырақтар әлемнің түкпір-түкпір ж…

0
0
863

Стань участником Областного молодежного этнополитического лагеря «Жастар-Отанға!»

С 11 по 13 августа 2016 года пройдет Областной молодежный этнополитический лагерь «Жастар-Отанға!» в Чалдайском лесу, на оздоровительной базе «Лесная сказка». Более 75 представителей активной и передовой молодежи со всего региона примут участие в мероприятии. Этнополитический лагерь в 2016 году будет работать по следующим образовательным площадкам: 1) единство и межнациональное согласие; 2) лидеры общественного мнения и руководители молодежных организаций; 3) развитие волонтерского движения. В программу лагеря включены интерактивное общение с экспертами и гостями Лагеря, тренинговые программы по развитию личностных и профессиональных компетенций, обучение навыкам проектной деятельности. Основная составляющая Лагеря - увлекательный и масштабный исторический квест (ролевая командная игра) с…

0
0
329

Қандай адамдар өздерін бақытты сезінеді?

Салауатты өмір салтын сақтанып, физикалық тұрғыда шыныққан және қарым-қатынаста мәдениетті жоғарғы орынға қоятын адамдар өздерін бақытты сезінеді екен. Бұл туралы зерттеу жүргізген Ноттингем Трент университетінің ғалымдары мәлімдеп отыр. Зерттеушілер он мыңнан аса адамға сауалнама жүргізіп, өз қорытындыларын шығарған. Нәтижесінде спортпен шұғылданатын, жиі театр мен мұражайларға барып тұратын адамдар өздерін өмірде бақытты сезінетіндіктерін айтқан. Сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын адамдар да өмірлеріне дән риза екендіктерін жасырмаған. Университет зерттеушілері қорыта келе бақыттың бір кілті - салауатты өмір салтын сақтануда деген тұжырымға келіп отыр. Ал салауатты өмір салтын сақтану - қимыл белсенділігі, дұрыс тамақтану, түрлі аурулардың алдын алу мен зиянды әдеттерден алша…

0
0
2405

Мемлекеттік қызметкерлерге бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Жастарды жұмыспен қамту, жастар арасындағы жұмыссыздықты шектеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Осы орайда облысымызда ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.  21 шілде күні сағат 15:00-де Мемлекеттік қызметкерлерге бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Біздің мекен-жайымыз: Жастар бастамаларын дамыту орталығы, Ломов көшесі 38.

0
0
646