«Ақ орамал» акциясы Павлодар қаласында өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін қолдай отырып, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының әйелдер қауымы бейбітшілік үшін, саналылық және сұхбат үшін, жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен бас тарту үшін осындай бастама көтерді. Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы терең. Ақ түс – тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді; бұл – адамзат өмірінің негізі – ананың ақ сүтінің түсі; бұл – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі. «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалы…

