Медеу баспалдағын бағындырған әже сайлауда дауыс берді
Алматыдағы Құрылтай сайлауында 90 жастағы Сақыпжамал Райымбекқызы дауыс беріп, ел азаматтарын белсенді өмір сүруге шақырды.Естеріңізде болса, жақында ақ жаулықты ана Медеудегі 842 баспалдақты бағындырып, көпшілікті тәнті еткен еді. Өмір бойы еңбекпен шыңдалған кейуананың айтуынша, тауға шығу оның көптен бергі арманы болған.«Жүрегім де қысылмады, аяқ-қолым да тартылмады. Жоғарыдағы дәмханаға бір-ақ бардым», - дейді Сақыпжамал Райымбекқызы.