Парламент зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға енген өзгертулерді қабылдады
ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасында:Базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін өзгерту қарастырылған. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлік жасқа жеткен кезде базалық зейнетақы төлемдерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындау көзделіп отыр. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем бол…