Астанадағы ауған жауынгерлері «Біз — Жеңістің ұрпағы» бағдарламасы аясында Беларусьта болып қайтты
Астана қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының қоғамдық бірлестігінің делегациясы Астана қаласының әкімі А.Жақсыбеков бекіткен «Біз-Жеңістің ұрпағы» бағдарламасы аясында батыр қала Минск пен батыр қамал Брестке (Беларусь республикасы) барды. Қазақстандық интернационалист жауынгер Минскіде Жеңіс ескерткіші мен Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. БР Парламентінің депутаты, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Беларусь одағының төрағасы Валерий Гайдукеевичпен кездесуде қазақстандық делегация мүшелері Қазақстан жетістіктері, ҚР Президентінің институционалды реформалары жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ соғыс ардагерлері ерлігінің үлгісінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды Б…