БҰҰ ДБ Қазақстанда сот жұмыстарының қанағаттандыру деңгейін білу үшін зерттеу жүргізді
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Қазақстанда Құқықтық саясатты зерттеу мен Қоғамдық пікірді зерттеу орталықтарымен бірлесе отырып, Қазақстан соттары қызметінің қанағаттандыру мәселесіне байланысты зерттеу жүргізді.
«Біз Қазақстан соттарының қызметтерін пайдаланушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы бағыттарының бірі заң үстемдігін, сот жүйесін елдің дамуының кепілі ретіндегі ерекшелеу, мемлекеттік органдар қызметіндегі құқықтар, принципін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы үш жылдың көлемінде Жоғарғы сот қызметкерлердің жұмыс сапаларын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту, сот өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу бағытында үлкен жұмыстар атқарды»,-деді Біріккен ұлттар ұйымы даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, аталған зерттеуді жүргізудегі мақсат сот үдерісіне қатысушылардың қанағаттану деңгейін білу, сот жүйесінің жұмысын білу, сот жүйесінің тұрғындардың түрлі топтарына қолжетімділігін айқындау болып отыр. Сондай-ақ, халықтың сот үкіміне, сот үкімінің жүзеге асырылу шараларына қатысуын, бақылауына көңілі қаншалықты толатындығы, халықтың сотқа қаншалықтыны сенетіндігін анықтау. Сонымен бірге, сот шешімінің іске асырылуының жүйелілігін анықтау. Осылайша, сот қызметін пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін анықтауға бағытталған зертеуге 193 аудандық және оған теңестірілген соттардағы 12 мың 206 адам қатысты. Сауалнамалар 18 өлшемді анықтау үшін 32 сауалдан тұрды.
Құқықтық саясатты зертеу орталығының сарапшысы Назгүл Ерхалиеваның айтуныша, сауалнама нәтижелері соттардың қызметіне қанағаттанатындардың дейгейі сауалнамаға қатысқандардың арасында 71,3 пайызды құрады. «Сот қызметіне деген қанағаттанушылық пен сотардың жұмыс сапасын анықтау үшін Соттардың қыметінің тиімділігін анықтау жөніндегі еуропалық комиссияның әдістемелік кеңестеріне және Халықаралық соттарды жетілдіру консорциумының талаптарына жүгіндік. Бұл өлшемдер зертеу талаптарына бейімделген болатын, әсересе қысқарту есебінен»,-деді сарапшы.
