Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

М.Месальё: IT рөлі – компаниялардың бәсекелестік басымдылығын байқатуда

Бүгінгі таңда IT рөлі компаниялардың бәсекелестік басымдылығын байқатуда, деді Астанадағы ІТ форумында CIO, Gartner зерттеу тобының зерттеулер бойынша директоры Мэри Месалье.

«Бірнеше жыл ішінде ІТ саласы өзгерді. Бастапқыда ол тиімділікті арттырып, компанияға қолдау көрсететін болса, қазір ІТ рөлі компанияларға бәсекелестіктің басымдылығын байқатуында», - деді ол.

Оның айтуынша, ІТ саласында бірқатар тәртіптер бар, компаниялар ол бойынша бәсекелестік таныта алады.

«Бірінші рөлі – ағымдағы жұмысы, жұмыстағы қолдау, индустриялды, тиімді қызмет. Екінші рөлі – сандық құндылықты қалдыру қажет. Мәселен, егер сіздің ұялы телефоныңыз ақылды болса, сізге корпоративтік жүйе ұсына алар еді, жұмыстағы компьютер де солай, бұл орны толтыратын жұмыс», - деді ол.

«Біріншісі – кім қандай шешім қабылдайды. Егер біз компаниялар тобында жұмыс жасайтын болсақ, әрбір қызметкердің рөлін түсіну керек. Екіншісі – стандарттаудың қандай деңгейі бізге қажет екенін ұғыну. Үшіншіден – әр заттың өз орнын білу: оралық кеңсеге не тиеслі, еншілес компанияларда не бар», - деді М.Меселье.

Айта кетерлігі, форум жұмысына 200 маман қатысуда. Шара кәсіптік ІТ алаңға айналуға шақырылды, онда тәжірибе алмасып, пікірлерді тыңдау көзделген.

Қазақстанда IT корпоративті басқару үлгісі әлемдік стандарттар негізінде қалыптастырылуда, деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының трансформациялау жөніндегі орталығы IT-блогінің жетекшісі Давид Туғанов Астанада өтіп жатқан бірінші IT форум барысында.

«Форумның мақсаты - ақпараттық технология желісі бойынша транформациялау бағдарламасындағы өзіміздің философиямызды ресми түрде мәлімдеу болатын. Қазір бұл мәселеге байланысты түсініксіздеу дүниелер көп, көптеген азаматтар ақпараттандырудың түпкі мақсаты автоматтандыру деп ойлайды. Біз бұл пікір дұрыс емес дегіміз келеді. Бірінші адамдар, үдерістер мен технологиялар. Бүгін біз басты деген IT-мамандарының басын қосып отырмыз, біз осы мәселеде орын алып отырған проблемалар туралы айтпақпыз»,-деді Д.Туғанов.

Оның сөзінше, Қазақстанда IT корпоративті басқару үлгісі әлемдік стандарттар негізінде қалыптастырылуда.

«IT корпоративті басқару батыс компанияларындағыдай қалыптасуда, кәсіпорынның архитектурасы да солай қалыптасып отыр. Біз автоматтандырудан қалыпты архитектуралық көзқарасқа көушудеміз. Біздің компаниямызда IT бас редакторлары пайда бола бастады, трансформациялау бағдарламасы аясында IT арихитекторлары пайда болуда. Бұл тарихта бұрын болмаған мамандық иелері»,-деді ол.

Форум жұмысына IT технологиялары саласындағы 200-ден астам мамандар қатысуда. Іс-шара ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы ең үздік тәжірибелер бойынша тәжірибе алмасу бойынша кәсіби IT алаңын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі

 

0
0
334

Осы тақырып бойынша

М.Месальё: IT рөлі – компаниялардың бәсекелестік басымдылығын байқатуда - Yvision.kz