Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

М.Әбішева: «100 қадам» — жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге деген жауап

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге деген жауап, деді Ұлт Көшбасшысы кітапханасының Халықаралық және ұлттық бағдарламалар қызметінің жетекшісі, саяси ғылым докторы Мариан Әбішева ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы кітапханасында өткен 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» семинары барысында.

"100 нақты қадам» Ұлт жоспары даму бағытындағы мақсаттарға мақсатты, жүйелі түрде жетуге бағытталған шаралар. Аталған шараларды жүзеге асыру жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге деген жауап. Реформаларды жүзеге асыру оқиға өріс алғаннан бастап, оған жасалатын әрбір қадам арқылы іске асады. Әрбір қадам келесі кезекте қолға алынуы ықтимал шарамен байланысты нақтыланады»,-деді М.Әбішева.

Оның сөзінше, 5 институциналды реформаны жүзеге асырудың негізі экономикалық өсім мен еліміздің дамуы болып табылады.

«ІЖӨ-нің жылдық орташа көрсеткіштерінің тұрақты өсуі – осыған дейінгі жүргізілген реформалардың сәттілігін айқындайды. Біздің еліміздегі экономикалық өсімнің негізі Президенттің «Бірінші экономика – содан соң саясат» формуласында жатыр. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың мықты негізі «Индустрияландыру мен экономикалық өсімге» бағытталған қадамдар»,-деді ол.

«Аталған жоба қазақстандық қоғамды ұжымдастырып, біріктіретін болады. Президенттік реформалардың ауқымдылығы мен кешенділігі оларды шешу үшін күш біріктіруді қажет етеді. Қазақстандық қоғамды біріктіру «Бірыңғай болашақ ұлты» міндетінің аясында жүзеге асырылады»,-деді М.Әбішева ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы кітапханасында өткен 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» семинары барысында.

Оның сөзінше, реформаларды жүзеге асыру үдерісі оқиға өріс алғаннан бастап, оған жасалатын әрбір қадам арқылы іске асады. Әрбір қадам келесі кезекте қолға алынуы ықтимал шарамен байланысты нақтыланады

«Қазақстанда тәуелсіздік жылдарынан бастап, мемлекеттік басқару жүйесі жетілдіріліп келеді, ондағы мақсат елдің ағымдағы және болашақтағы міндеттеріне байланысты мәселелерді шеш алатын кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады. Әрі кезеңде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай тудырған мәселелер шешімін тауып отырды. Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша кең ауқымды шаралар жалғасуда, ондағы мақсат кәсіби заманға сай, есепті, ашық  аппараты бар мемлекет құру»,-деді ол.

Оның айтуынша, елдің алғашқы қалыптасу жылдарында институционалды құрылыс пен сол сәтте туындаған проблемалар шешілген болса, 1998 жылдары ұзақмерзімге бағытталған мәселелерді жоспарлаудың сәті туды.

«Осындай ұзақмерзімді құжаттардың бірі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуын қарастыратын стратегиясы болды. Қазір біздің алдымызда бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру және «Қазақстан – 2050» Стратегиясы басымдықтарын жүзеге асыру міндеті тұр.  «100 нақты қадам» да осылардың қатарында»,-деді  Ұлт Көшбасшысы  кітапханасының Халықаралық және ұлттық бағдарламалар қызметінің жетекшісі.

Ақпарат көзі

 

0
0
429

Осы тақырып бойынша

М.Әбішева: «100 қадам» — жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге деген жауап - Yvision.kz