Мариан Әбішева: Ұлт жоспары қазақстандық қоғамды біріктіретін болады
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары қазақстандық қоғамды ұжымдастырып, біріктіретін болады, деді Ұлт Көшбасшысы кітапханасының Халықаралық және ұлттық бағдарламалар қызметінің жетекшісі, саяси ғылым докторы Мариан Әбішева.
«Аталған жоба қазақстандық қоғамды ұжымдастырып, біріктіретін болады. Президенттік реформалардың ауқымдылығы мен кешенділігі оларды шешу үшін күш біріктіруді қажет етеді. Қазақстандық қоғамды біріктіру «Бірыңғай болашақ ұлты» міндетінің аясында жүзеге асырылады»,-деді Мариан Әбішева Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы кітапханасында өткен 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» семинары барысында. «100 нақты қадам» – бұл жахандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен бірге, жаңа тарихи жағдайларда ұлттық дамыған дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
Оның сөзінше, реформаларды жүзеге асыру үдерісі оқиға өріс алғаннан бастап, оған жасалатын әрбір қадам арқылы іске асады. Әрбір қадам келесі кезекте қолға алынуы ықтимал шарамен байланысты нақтыланады.
«Қазақстанда тәуелсіздік жылдарынан бастап, мемлекеттік басқару жүйесі жетілдіріліп келеді, ондағы мақсат елдің ағымдағы және болашақтағы міндеттеріне байланысты мәселелерді шеш алатын кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады. Әрбір кезеңде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай туындатқан мәселелер шешімін тауып отырды. Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша кең ауқымды шаралар жалғасуда, ондағы мақсат кәсіби заманға сай, есепті, ашық аппараты бар мемлекет құру»,-деді ол.
Оның айтуынша, елдің алғашқы қалыптасу жылдарында институционалды құрылыс пен сол сәтте туындаған проблемалар шешілген болса, 1998 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған мәселелерді жоспарлаудың сәті туды.
«Осындай ұзақ мерзімді құжаттардың бірі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуын қарастыратын стратегиясы болды. Қазір біздің алдымызда бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру және «Қазақстан – 2050» Стратегиясы басымдықтарын жүзеге асыру міндеті тұр. «100 нақты қадам» да осылардың қатарында»,-деді Ұлт Көшбасшысы кітапханасының Халықаралық және ұлттық бағдарламалар қызметінің жетекшісі – Мариан Әбішева.
