Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандағы соттар жұмысына қанағаттанушылық деңгейі 71,3% құрайды — сарапшы

Қазақстандағы соттар жұмысына қанағаттанушылық деңгейі 71,3% құрайды, деді құқықтық саясат зерттеу орталығының сарапшысы Назнүл Ерғалиева ОКҚ брифингінде.

«Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, сот қызметіне сұхбаткерлердің қанағаттану деңгейі   71,3 % құрады», - деп мәлім етті  Н.Ерғалиева.

Оның айтуынша, талдау барысында қанағаттанушылықтың жалпы деңгейіне әсер ететін негізгі факторларға тараптардың аргументтерді толық қарастыруы (77,4%) және сотқа деген сенім (78,3%) көрсеткіштері кіреді.

«Сот жұмысының сапасына, сот қызметтеріне қанағаттанушылық деңгейін өлшеуде біз әділ соттың тиімділік мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссияның әдістемелік ұсыныстарын, соттарды жетілдіру бойынша халықаралық консорциумды басшылыққа алдық.    Бұл индикаторлар негізінен қысқарту есебінен зерттеу талаптарына бейімделген», - деп толықтырды сарапшы.

Жалпы, сот қызметін пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін бағалау бойынша зерттеуге ҚР 193 аудандық және соған теңгерілген соттарда 12 206 сұхбаткер қатысты. Сауалнамалар 18 индикаторды өлшеу үшін 32 сұрақтан тұрды.

Еске салсақ, Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы Құқықтық саясатты зерттеу орталығы және Қоғамдық пікірді зерттеу орталығымен бірге Қазақстан соттарының қызметіне қанағаттанушылық мәселесі бойынша тәуелсіз зерттеу өткізген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Біріккен Ұлттар Ұймының Даму бағдарламасы Қазақстанда Құқықтық саясатты зерттеу мен Қоғамдық пікірді зерттеу орталықтарымен бірлесе отырып, Қазақстан соттары қызметінің қанағаттандыру мәселесіне байланысты зерттеу жүргізген еді.

«Біз Қазақстан соттарының қызметтерін пайдаланушылар араснда әлеуметтік сауалнама жүргіздік. БҰҰДБ бағыттарының бірі заң үстемдігін, сот жүйесін елдің дамуының кепілі ретіндегі ерекшелеу, мемлекеттік органдар қызметіндегі құқықтар, принципін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы үш жылдың көлемінде Жоғарғы сот қызметкерлердің жұмыс сапаларын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту, сот өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу бағытында үлкен жұмыстар атқарды»,-деді БҰҰДБ-ның тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, аталған зертеуді жүргізудегі мақсат сот үдерісіне қатысушылардың қанағаттану деңгейін білу, сот жүйесінің жұмысын білу, сот жүйесінің тұрғындардың түрлі топтарына қолжетімділігін айқындау болып отыр. Осылайша, сот қызметін пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін анықтауға бағытталған зертеуге 193 аудандық және оған теңестірілген соттардағы 12 мың 206 адам қатысты. Сауалнамалар 18 өлшемді анықтау үшін 32 сауалдан тұрды.

Ақпарат көзі

 

0
0
412

Осы тақырып бойынша

Қазақстандағы соттар жұмысына қанағаттанушылық деңгейі 71,3% құрайды — сарапшы - Yvision.kz