ҚР Президентіне келген хаттарда қазақстандықтар Ұлт жоспарына бірауыздан қолдау білдірген
Мемлекет басшысының атына елдің барлық өңірінен Қазақстанның бұдан арғы қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық даму үдерісінде басшылыққа алынар негізгі құжатқа айналуы тиіс Ұлт жоспарына бірауыздан қолдау білдірген көптеген хаттар келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Астана қаласының этно-мәдени және қоғамдық бірлестіктері «100 нақты қадам» жоспарының тиімді жүзеге асырылатынына сенім білдірген және бұл шара халықтың тұрмыс деңгейін көтеріп, елдің әрі қарай дамуына жағдай туғызатынын айтқан. «Біз оны Қазақстан үшін оңтайлы бағдарлама деп ойлаймыз, өйткені ол қоғамдық-саяси және экономикалық қызметтің барлық қырын қамтып, елімізді жаңа биіктерге жеткізеді», – деп жазады авторлар. Мемлекет басшысының таңдаған даму бағдарына ардагерлер, қоғамдық бірлес…