Жарты жыл ішінде жұмыспен қамту органдарына жазасын өтеп шыққан 935 адам өтініш жасаған — вице-министр
Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында жұмыспен қамту органдарына жазасын өтеп шыққан 935 азамат өтініш жасаған, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова ОКҚ-да «Жазасын өтеп шыққандарды және пробация қызметінде тіркелгендерді әлеуметтік бейімдеу» тақырыбымен өткен баспасөз конференциясында.
«Заңнамаға сәйкес жазасын өтеп шыққандар қиын өмірлік жағдайға душар болған жандар ретінде танылады. Егер оларды жұмыспен қамту мәселесіне келетін болсақ, онда олар мақсатты топқа жатқызылады. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында жұмыспен қамту органдарына жазасын өтеп шыққан 7 мың азаматтың 935 өтініш жасаған», - деді С.Жақыпова.
Оның айтуныша, осы 938 адамның 750 жұмыспен қамтылған және 141 адам Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында аталмыш тұлғалар үш бағыт бойынша қамтылып отыр. Бүгінде 92 адам инфрақұрылымдық жобаларға жіберілді, Сонымен қатар, 35 адам мамандық алу үшін арнайы білім мекемесінде білімін жетілдруде», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, Светлана Жақыпова: 450 тұрғын ҚР-ның 24 бейімделу орталығында әлеуметтік қызметке ие болды. 450 тұрғын ҚР-ның 24 бейімдеу орталығында әлеуметтік қызметке ие болды, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
«ҚР қылмыстық-атқару кодексінің 1-ші бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар белгіленген комиссиялар құрып, аталмыш тұлғалардың бейімделу орталығында әлеуметтік трғда бейімделу жоспарын әзірлеуді қарастырады. Комиссиялар құрылды, олардың құрамына мәслихаттар депутаттары, кәсіпкерлік өкілдері, атқарушы органдардың жетекшілері кірді», - деді Светлана Жақыпова.
Аталмыш комиссия вице-министр атап өткендей, темір тордан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
«Сондай-ақ, егер босатылған тұлға жалғызбасты, қария, мүгедек болса ол үйлестіру органдарына барып, медико-әлеуметтік мекемелерге орналастыруды талап ете алады. Бүгінде ондай тұлғаларды қабылдайтын 42 медико-әлеуметтік ұйым бар, онда 173 адам тіркелген», - деді ол.
Оның айтуынша, 24 бейімделу орталығынан 450 адам ем алды.
