Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

«Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ

«Даму» қоры теңге бағамын түзетуге байланысты шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ, деп мәлімдеді «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров ОКҚ-да. «Өздеріңіз білетіндей Үкімет еркін теңге бағамы туралы хабарлады. Аталмыш теңге бағамын түзету кәсіпкерлік ахуалға еш әсер етпейді, керісінше болашақта кәсіпкерлер жұмысының жандануы күтілуде. «Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ. Біз өзіміздің көмек көлемімізді арттыратындығымызға сенімдіміз», - деп мәлімдеді Д.Әбілқайыров. Оның атап өтуінше, Даму қоры заемшыларын теңге бағамының еркін айналымға өтуі еш алаңдатпеу керек, себебі несие немесе субсидия тек теңгелей беріледі. «Оның үстіне вал…

0
0
267

Д. Әбілқайыров: Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы 27 млрд теңге қарастырылған

Пайыздық ставкаларды субсидиялауға арналған кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бюджет 27 млрд. теңгені құрады, деп мәлімдеді «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров ОКҚ-да. «Айта кетерлік жайт, бүгінде пайыздық ставкаларды субсидиялауға арналған кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бюджет 27 млрд. теңгені құрады және биылғы және алдағы жылға ешқандай қырқартулар қарастырылып отырған жоқ», - деп мәлімдеді ол. Д.Әбілқайыров атап өткендей, Бизнестің жол картасы бағдарламасы жұмыс істеуде және субсидиялау бойынша 5 536 заемші бір трлн. теңге көлемінде несие алды. «Кепілдендіруге қатысты айтар болсам, 1173 заемші 53,6 млрд. теңге сомасына несие алды», - деді Д.Әбілқайыров. Бұдан басқа, Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, 20…

0
0
431

Алматы облысының Талғар ауданында 600 орынға есептелген жаңа мектеп ашылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің қатысуымен Талғар ауданы Бесағаш ауылында 600 орынды № 45 жаңа мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Бүгін біз жаңа мектепті ашып отырмыз. Мектеп - жас буынның білімі мен тәрбиесіне негіз болатын киелі мекен. Сондықтан жаңа мектептен елжанды ұрпақ пен болашақ жоғары білікті мамандар өсіп шығады деп сенемін», - деді облыс басшысы А. Баталов құттықтау сөзінде. Өңір басшысының айтуынша, биыл Алматы облысында 19 жаңа мектеп салынуда. Оның 1-еуі осы Бесағаштағы мектеп болса, тағы 15-і 1 қыркүйек күні, ал 3-еуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Соның ішінде 10-ы үш ауысымды мектептер мәселесін шешу, ал 5-еуі авариялық мект…

0
0
693

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Халықаралық дзюдо федерациясының президентімен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Халықаралық дзюдо федерациясымен арадағы Қазақстанның өзара іс-қимылының өзекті мәселелері және спорттың осы түрін республикамызда дамыту перспективалары талқыланды. Мемлекеттік хатшы келесі әлем чемпионатын өткізуші ел ретінде Қазақстанға таңдау жасағаны үшін Халықаралық дзюдо федерациясына ризашылығын білдірді. Чемпионат 2015 жылғы 24-30 тамыз аралығында Астанада өтетін болады. Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының дене тәрбиесіне, бұқаралық спортқа және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт түрлеріне айрықша мән беретінін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда халықаралық талаптарға сай спорттық нысанда…

0
0
264

Г. Әбдіқалықова ҚР мен ЕО арасындағы екіжақты жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты атап өтті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы миссиясын аяқтаған Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Аурелия Бушезбен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Г.Әбдіқалықова А.Бушездің екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жөніндегі ауқымды жұмысына және Қазақстан мен ЕО арасындағы келіссөздер үдерісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс білдірді. Бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан еңбегі үшін Еуропалық Одақтың елшісі Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2015 жылғы 20 қаңтарда Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімді алдын ала дәйектеу сындарлы өзара іс-қимылдың м…

0
0
187

Қазақстанда ЖҚЖК-2020 бойынша ағымдағы жылы 25 мың жас жұмысқа орналастырылды

Қазақстанда 2015 жылдың 1 жартыжылдығының нәтижесі бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 15 пен 28 жас аралығындағы 800 жастар жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі. Аталып өткендей, олардың ең жоғарғы көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында (7 мың) болды, Алматы және Қостанай облыстарында сәйкесінше 3 және 2 мың жастар орналастырылды. Жұмыспен қамту орталығына алғаш рет өтініш білдірген 13 мың жастар мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналастырылды. Ең жоғарғы көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде: 3,5 мың адам. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша қатысушылардың инфрақұрылым жобаларына жұмысқа орналастырылған жастар саны 567 болды. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының 1 бағыты аясында 285 жастар микронесие алд…

0
0
307

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова елдің білім беру жүйесінің қызметкерлерімен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елдің білім беру жүйесінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіпов, сондай-ақ ауыл мұғалімдері, жаңашыл педагогтар, педагогикалық және ғылыми мекемелердің басшылары қатысты. Шара барысында Гүлшара Әбдіқалықова қатысушылардың назарын Нұрсұлтан Назарбаевтың «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген сөзіне аударды. Сонымен қатар ол адами капиталдың сапасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары негізінде арттыру білім беру жүйесін жаңғыртудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы осы кезеңінің басты ерекшелігі екеніне тоқталды. Биыл білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік б…

0
0
412

Павлодарлық компания барлық облысты арнайы киімдермен қамтамасыз етіп келеді

Павлодарлық компания барлық облысты арнайы киімдермен қамтамасыз етіп келеді «КазПрофБезопасность» компаниясы БЖК-2020 бағдарламасы бойынша келісімге отырып, тұтынушыға өнім жеткізу үшін жаңа ГАЗель автокөлігін сатып алды, деп хабарлады «Даму»қоры. Аталып өткендей, «КазПрофБезопасность» компаниясы отандық нарықта 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. Өндіріс негізінен арнайы киімдер, аяқ киімдер мен жекеше қорғану құралдарын шығарады. Компания басшысы Данияр Ерланұлы Алпысбаев өндіріс үшін ең маңызды фактор – адам ресурстары деп санайды. Әрбір жұмыс берушінің міндеті – жұмыс орнында ыңғайлы жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан компания миссиясы – кез-келген сала, ке-келген көлемдегі кәсіпорынға еңбектің қауіпсіздігі мен жоғары еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасау. «КазПрофБе…

0
0
274

ИИДМБ: СҚО-да ағымдағы жылы 90 млрд теңгеге 60-тас астам жоба жүзеге асырылуда

СҚО-да Индустрияландыру картасының екiншi бесжылдығы басталды. Облыста сомасы 90 млрд. теңгеден асатын 60-тай жобаны жүзеге асыру көзделiп отыр, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі. Жалпы өңiрлiк өнiмнiң көлемi 143,3 млрд. теңгенi құрады. «Биылғы жылдың қорытындысы бойынша облыстағы ЖӨӨ-нiң нақты өсiмiн экономиканың барлық салаларында, ең алдымен ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiн арттыру есебiнен 103,4 пайыз деңгейiне жеткiзу жоспарлануда»,-дедi өңiр басшысы. 2015 жылдың бiрiншi жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 5,6 пайыз өсiммен 36,3 млрд. теңгенi құрады. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары табысты дамуда. 2015 жылы Индустрияландыру картасының екiншi бесжылдығы басталды. Облыста сомасы 90 млрд. теңгед…

0
0
461

ИИДМБ: Алматы желдеткіш зауыты ағылшын компаиясымен серіктес бола отырып өнім түрлерін арттырады

Алматы желдеткіш зауыты (АЖЗ) қазақстандық кәсіпорны мұнай газ саласы, теңіз платформасы және атом өнеркәсібіне арналған желдеткіш жабдықтардың әлемдік көш басшысы - «NSV» ағылшын компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп ҚР ИДМ NADLoC баспасөз қызметі. Аталып өткендей, Алғашқы рет, Қазақстан аумағында осындай деңгейдегі және масштабтағы өндіруші біздің мамандармен тәжірибе бөліседі, соның арқасында «АЖЗ» өнімдерінің тізбегі 50 атаудан 70-ке дейін кеңееді. Және де, оқшаулауды жергілікті деңгейде өткізу жоспарлануда, бірінші партияны 2016 ж. ТШО жобасы үшін жеткізеді. Тараптар атап өткендей, каспий маңындағы аумақта осындай құзыреті бар өндірушінің пайда болуы қазірдің өзінде Иранға, Әзірбайжанға және Ресейге «Қазақстанда жасалған» логотипімен болашақта жеткізуді жоспа…

0
0
512