Конституциялық кеңес «Конституция» залының ашылуына қатысты
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Конституция» залы ашылды. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясы және Қазақстанның мемлекеттік бейнелемесі туралы оқырмандардың таным-түсінігін, сондай-ақ Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеп, белсенді азаматтық ұстанымдарын әрі құқықтық сана-сезімін қалыптастыру.

«Конституция күні – негізін салушы, мемлекетті құрушы мерекенің бірі. Сондықтанда кітапханада арнайы зал ашылуда, оның мән-мағынасы терең. Бұл мереке саналы түрде аталып өтетін мейрам болып табылады», - деді ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов.

Оның айтуынша, конституциялық заңгерлік Конституцияның баршылығымен қамтамасыз етіледі.
«Конституцияның рөлін қайта бағалау соншалықты оңай емес, ол барлық құқық жүйесін қалыптастырып отыр. Конституцияның авторы Қазақстанның күллі халқы. Ал, оны басты жасақтаушы ҚР Президенті Н.Назарбаев», - деп толықтырды И.Рогов.

Сонымен, Конституция Залының экспозицицясы 4 бөлімнен тұрады: 1. Қазақтың әдет-ғұрып ережелері; 2. Қазақстан Конституциясының тарихы; 3. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конститциясы; 4. Шет елдердің Конституциялары.

Экспозицицияның басты бұйымдары қазақтың әдет-ғұрып ережелері мен Қазақстан Конституциясының, сондай-ақ шет елдердің Конституцияларының тарихына байланысты 300-ден аса кітап, кітапша, кино-фото-фоно құжаттардан құралған.

Конституция Залы ғалымдар, студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары, кітапқұмарлар, сондай-ақ мемлекет тарихы бойынша әуесқойлардың жұмыс жасауына арналып отыр.



«Конституция негізгі мемлекеттік билік, басты заң. Барлық қабылданған заңдар ҚР Конституциясына сай келуі керек. Олар оған қарсы шықпау керек. Контитуция бәрін біріктіретін негізін салушы заң болып табылады», – деді А. Сәрсенбаев.
Судя атап өткендей, Конституцияда барлық негізгі органдар мен оларлың қызметі атап көрсетілген.
«Конституция – бірегей зат, оны оқыған сайын тереңірек түсінесін. Түрлі салалар арқылы оған қарайтын болсаң, соғұрлым көбірек көре аласың», – деді А. Сәрсенбаев.
«Біз Конституция туралы сөз қозғағанда оны адамның құқығы мен еркіндігін реттейтін басты заң ретінде қабылдаймыз. Адамның күнделікте өмрде бетпе-бет келетін жағдайларды барлығы заңнамамыз Конституцияның көзі», -деді сөз басында А.Жайылғанова.
Оның айтуынша, көбіне ел экономикасының Конституцияға тәуелді екені туралы айту ұмытылып кетеді.
«Мұндағы байланыс өте тығыз. 1986 жылы америкалық конституциятанушы Джеймс Бьюкен «Конституциялық экономика» тақырыбымен Нобель сыйлығын иеленді. Ол алғаш рет конституция мен экономиканы байланыстырды. Мәселен, жай сайлау науқанын өткізудің өзі экономика, қанша саулаушы келеді, қанша сайлау учаскесі болады, мұның барлығы тікелей экономикамен байланысты. Біздің конституциямыздың 24 бабында еңбекті таңдау еркіндігі аталып көрсетілген немесе 26 бабында әр адамның салық төлеуге міндетті екені аталып көрсетілген. Бұл да экономика», - деп атап өтті ол.
Ақпарат көзі
