Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық мектептегі білім беру жаңа пәндермен толығады

Мектептік білім берудің жаңартылған құрамына сәйкес бастауыш сыныптар «Жаратылыстану», «Ақпараттық-коммуникативті технологиялар» пәндерімен және «Дүниетану» пәнінің құрамы толықтырылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов республикалық тамыз кеңесі барысында.

«Қазақстанда жаңа пәндер енізіледі. 3 сыныптан бастап «Жаратылыстану», «Ақпараттық-коммуникативті технологиялар  пәндері енгізіледі және «Дүниетану» пәнінің  құрамы толықтырылады . Жаратылыстану пәні биология, химия,  физика сынды пәндердің кіріспесі болып табылады. АКТ пәні компьютерлік технологияларды іс-жүзінде пайдалануға бағытталған»,  деді ол.

«Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» пәні алтыншы сыныптан емес, «Әлем тарихы» пәнімен қатаре бесінші сыныптан бастап оқытылады»,  деді А. Сәрінжіпов.

Жоғары сыныптарда міндетті пәндерді қысқарту арқылы үш жаңа пән және тағы төрт міндетті пәндер енгізіледі.

«Ал, жаратылыстану-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептер үшін пәндер құрылымы мүлдем басқа болады. Оқушылар пән санымен оларлың деңгейін өзбетінше анықтайтын болады. Сонымен қатар, «Жаһандық болашақ және жобалық қызмет» жаңа пәні енгізіледі»,  деп түйді А. Сәрінжіпов.

«Осы оқыту жылы Қазақстанның пилоттық мектептерінің бірінші сыныптарында бескүндік оқыту енгізіледі. Бәсекелестікті мектептер арасында дамыту мақсатында 63 пилоттық мектепте және Қарағанды, Түркістан қалаларында қаржыландыру жұмыстарын жүзеге асырамыз. Оқушылары көп мектеп  сәйкес қаржыға ие болады», - деді министр.

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңарады  – Сәрінжіпов

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңартылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі  Аслан Сәрінжіпов республикалық тамыз кеңесі барысында.

«Бүгінде Елбасы ұсынған жаңа экономикалық саясат жаңа талаптар қойып отыр.  Ол орта білім беруді жаңғыртыду талап етіп отыр, адам капиталын дайындау бізге көлеңкелі тәуелділіктен арылуға, экономиканы әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға мүмкіндік береді.

Біз алдымызға мектептегі білім беру құрылымын жаңарту арқылы дамыған елдерге жақындауды көздеп отырмыз», - деді ҚР министрі.

Осылайша, ҚР БҒМ жаңартылған білім беру құрылымына кешенді келеді.

«2016 жылы барлық бірінші сыныптар жаңартылған білім беру құрылымына көшеді, 2017 жылы 2-5 сынып оқушылары, 2018 3,-3-9 сыныптар ауысады, ал 2020 жылға қарай білім беру құрылымы толығымен жаңартылады», - деді А. Сәрінжіпов.

Ақпарат көзі

 
0
0
350

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық мектептегі білім беру жаңа пәндермен толығады - Yvision.kz