Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңарады – Сәрінжіпов

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңартылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов республикалық тамыз кеңесі барысында.

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңарады  – Сәрінжіпов

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңартылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі  Аслан Сәрінжіпов республикалық тамыз кеңесі барысында.

«Бүгінде Елбасы ұсынған жаңа экономикалық саясат жаңа талаптар қойып отыр.  Ол орта білім беруді жаңғыртыду талап етіп отыр, адам капиталын дайындау бізге көлеңкелі тәуелділіктен арылуға, экономиканы әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға мүмкіндік береді.

Біз алдымызға мектептегі білім беру құрылымын жаңарту арқылы дамыған елдерге жақындауды көздеп отырмыз», - деді ҚР министрі.

Осылайша, ҚР БҒМ жаңартылған білім беру құрылымына кешенді келеді.

«2016 жылы барлық бірінші сыныптар жаңартылған білім беру құрылымына көшеді, 2017 жылы 2-5 сынып оқушылары, 2018 3,-3-9 сыныптар ауысады, ал 2020 жылға қарай білім беру құрылымы толығымен жаңартылады», - деді А. Сәрінжіпов. Қазақстанда жоғары сыныптарда үштілді оқыту кезең-кезеңімен енгізіліп, ағылшын тілінде ЖОО-ларда білім алу дәрежесіне жеткізіледі. «Үштілді оқытудың моделі енгізіледі. Оның алдында – ағылшын тіліне кезең-кезеңмен енгізу жұмысын енгізу тұр. Пәндерге қосымша ретінде қазақ әдебиеті қосымша түрінде енгізіледі, Қазақстан тарихы мен география қазақ тілінде өткізіледі, ол білім беріп отырған тілге тәуелді емес. Жазғы тілдік тоқсандықтың ұйымдастырылуы жүзеге асырылуда, оған 3-4 курстардың студенттері тартылады. Қорытындысында жоғарғы сыныптарда ағылшын тілінде информатика, физика және химия сабақтарын өткізу қарастырылуда», - деді ол,

Министрдің айтуынша, білім берудің жоспарланып отырған жаңа стандарттары  білім берудің гуманизациясына ықпалдастырылған.

«Біз өзіміздің алдымызға – мектептегі білім беруде өзгеріс енгізу арқылы дамыған елдер қатарына ену болып табылады. Өту үрдісі шығармашылық идея қалыптасып, адамды дамытатын ортада оқушы білімді енжар қабылдамауы тиіс», - деді А.Сәрінжіпов.

Айта кетейік, үштілдік білім беру 2016 жылға жоспарланған. Толық өту үрдісі 2020 жылға жоспарланған.

Ақпарат көзі

   
0
0
736

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңарады – Сәрінжіпов - Yvision.kz