Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Мейрам Байғұжеков: еріктілік әрқашан жаныңда, әрқашан сенімен

Мейрам Байғұжеков: егер саған күніне бірнеше рет «рахмет» деп айтса, онда сенің күнің бекер өтпеген

Университеттегі оқудың үшінші курсында мен әлеуметтік қызметпен айналыса бастадым. Ветеринар мамандығы бойынша оқыдым, содан оқу процессі өте тығыз болды. Сондықтан, мамандықпен байланысты емес хоббиге қажеттілік туды.

Алдымен Enactus университеттік топ құрамында болдым. Бұл – студенттер–әлеуметтік кәсіпкерлерді топтастыратын халықаралық ұйым. 2014 жылы біз Ұлттық чемпионатты ұтып, елімізді Бейжіндегі Әлемдік Кубокта таныстырдық. Сол кезде мен әлеуметтік жобалармен айналысқым келетіндігімді түсіндім. Солай 2015 жылы қайта құрылған «Волонтерлар лигасы» Қоғамдық қорына келдім.

Ұйым құрамында үш жыл болдым. Басында бәз әкімшілік және басқа да ұйымдармен жұмыс істеп, әлеуметтік, мәдени және спорттық іс–шараларға қатыстық. 2016 жылы бізге Алматыда өткен 27-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға волонтерларды қабылдау және даярлауды тапсырды. Біз үш мың волонтерді қабылдау, іріктеу, оқыту және бақылау жұмыстары бойынша кампанияны жүргіздік. Универсиада волонтері болуға он мыңнан астам адам ниет білдірді. 2017 жылы EXPO-2017үшін 900 волонтер іріктедік.

Осы секілді ірі оқиғалардан кейін біз басымдықтарымызды өзгертіп, әлеуметтік жобалармен көбірек айналыса бастадық. Үйі жоқ жануарлар баспаналарына көмек беруден, мұражайларға тегін экскурсияларды ұйымдастыруға дейін.

Маған жас азаматтардың жанып тұрған көздерін және таныс емес адамдарға көмектесу ниетін көру қатты ұнайтын. Жасыл күртешелер киген және шетел спортшыларына қажет орынды табумен көмектескен ата мен әжелерді көру қуаныш сыйлайтын. Осы секілді волонтерлікпен байланысты естеліктер өте көп. Менің ойымша, егер саған күніне бірнеше рет «рахмет» деп айтса, онда сенің күнің бекер өтпеген.

Мен үшін волонтерлік – бұл ең алдымен даму мүмкіндігі. Сені волонтерлер қатарына ешбір резюме, талаптар мен шектеулерсіз қабылдайды. Оның орнына сен теңдесі жоқ таныстар, дағдылар мен эмоцияларды аласың. Осының барлығы өмір бойы тек пайдасын ғана тигізеді. Осы үшін мен волонтер болдым.

Волонтерлік жаңа нәрселерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді: жаңа проект, топ, процеске басымен кіріп, қолдауды қажет ететін адамдарға көмектесу. Волонтерлік әрдайым қасында, өзінмен бірге жүреді. Ауыр сөмкелерді жеткізуге көмектесу және үйі жоқ мысыққа тамақ беру – бұл да волонтерлік.

Мен қала және оның тұрғындары үшін ақысыз көмегімді көрсетіп келемін. Қазір мәселелерді шешудің көптеген жолдары бар. Әрдайым жолда ашық ор немесе сынған әткеншекті байқасам, бірден құзыретті органдарға жазып, мәселелерді шешуге тырысамын. Оларды үнсіз қалдырмаудың өзі жақсы іске жатады.

Қайырымдылықпен айналысқысы келетін адамдарға берер кеңестерім:

Өзіңізге сеніңіз. Идеяларыңызды қолдайтын жолдас пен туыстарыңызды біріктіріңіз.

Қырағылық көрсетіңіз. Өкінішке орай, қайырымдылықты пайда көзі ретінде көретіндер өте көп. Көмектескіңіз келетін адамдарды жақсылап зерттеңіз.

Бос уақытыңызға баға беріңіз. Аптасына бір сағат болса да, соның өзі де жеткілікті болады.

Іске кірісерден бұрын ойланып көріңіз, мүмкін қолдаудың дайын мехенизмдері бар шығар. Мысалы, мемлекет, әкімшілік және өзге де ұйымдар тарапынан. Олар өзі жауапты істермен айналысулары қажет. Одан да өз күшіңізді басқаларға жұмсаңыз.

Волонтердің бес қасиеті:

Іске жауапкершілік болуы: қаржылай пайда таппасаң да, маңызды бөлшек болып, табыс өзіңе тікелей байланысты болады.

Қайсарлық: өзгелер үшін уақыт пен күш табуды үйрену қажет.

Коммуникативтілік: ол тек сөйлеу мәнері туралы ғана емес, кейде бір көз қыры мен жан жылуы да жеткілікті. Сенің жақсы және игі ниетінді байқау адамдар мен жануарлар үшін маңызды.

Күшті жүйелі жұмсау: басында волонтер барлығымен айналысқысы келіп, соңына қарай ештенеге қызығушылығы болмай кететін кездер де болады.

Мейірімділік: егер сен өзіңнен әлсіз, көңіл күйі төмен немесе аш адамдарға қалай қол ұшынды бере алатындығынды білсең, онда оны қолдана біл. Басқаларға да осы сезімді сыйла.

Еске сала кетейік, сұхбат Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігініңқолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы үшін дайындалды.

0
0
464

Осы тақырып бойынша