Жас спортшы «Болашақ» қорының көмегімен БАӘ-де Қазақстанның даңқын шығарды
Батыр Айтмолдин – бұрынғы хирург, Өскемен тумасы. Ол өзінің ұлдары Темірлан мен Арыстаннан нағыз чемпиондарды өсіру үшін Астанаға көшіп келді.«Осында көшкенде балаларымды Оқушылар сарайына дзюдо секциясына жібердім. Олар сол жерде бір жылға жуық жаттығып, кейін «Алатау» спорт сарайына жаттықтырушы Тоқтар Зарубековке ауысты. Басында ерекше жетістіктер болған жоқ. Бірақ балалар спортпен шұғылданып, бос сенделіп жүрген жоқ», – дейді Батыр Айтмолдин.Бірнеше жылдан кейін күшейтілген сабақтар өз жемісін берді: үлкен ұлым жеңіске жетіп, жергілікті жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Дзюдодан басқа, ұлдар айкидо, дзюдо және самбо (АДС) меңгере бастады.«2015 жылы Темірлан Талдықорғанда АДС бойынша Қазақстан чемпионатын жеңіп, Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды және спорт шеберіне үміткер атағ…