Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Қайырымдылық мен үшін – міндет

Қайырымдылықпен мектеп кезден айналысып келемін. Университеттегі оқуды аяқтағаннан кейін «Құрмет» қайырымдылық қорының белсенді волонтері болдым. Бұл қор жалғыз басты қарттарға көмектесетін. Тұрмыстық техника әкеліп, үйлерін тазартып, қажетті дәрілер мен азық-түлік заттарын апаратынбыз. Қайырымдылық астарын ұйымдастырып, оларды концерттер мен операға шақыратынбыз.

Кейіннен бұл қор жабылып қалды. Бірақ, жұбайыммен әлі күнге дейін қиын жағдайдағы адамдарға көмек көрсетіп келеміз. Сонымен қоса, адамдарда керенаулықты алдын алу мақсатында әрдайым отбасылардың жағдайына қараймыз. Киімдермен қатар, азық-түлікпен де көмектесіп тұрамыз. Қаржылай тек адамдардың еміне немесе кітаптар мен басқа да заттарды сатып алу үшін медреселерге көмектесеміз.

Есімде, бір кездері көп балалы отбасылар балаларына шырша кешін ұйымдастырдық. Балалар ата-анасы құжат жүзінде қамқоршысы болатын. Олар қаракүзенді топ мен баскиімге киініп алған, ал балалары болса нашар киімде келген. Кейіннен сол отбасыларға біз азық-түлік, ал мектеп оқушыларына қажетті заттарын апардық. Бұл тізімді бізге әкімшілік берген болатын. Мүмкін жылдан жылға мүлдем өзгермеген де шығар. Үйлеріне келсек, үй іші таза, жылы, жағдайлары жақсы екен. Содан кейін бұл отбасыларға еш бармадым. Бірақ мен үшін сабақ болды. Енді тұрмыс жағдайы мен сырт келбеттерін жақсырақ зерттей бастадым.

Қайырымдылық мен үшін, өзге де діншіл адамдар үшін – міндет. Бірақ, біз тапқан айлағымыздың бір бөлігін таратпаймыз. Өз қаржылық мүмкіндіктерімізге қараймыз. Бар болса, көмектесуге тырысамыз. Осындай шаралармен, әрине, келешекте айналысуды жалғастырамыз. Аллах Тағала күш, денсаулық пен мүмкіндік берсін.

Менің ойымша, көмектесе білу керек. Тек ақшалай ғана емес, өз ісімен де көмектесуге болады. Мысалы, үй салуға көмектесу, сөмкелерді көтерісу – осының барлығы көмек.

Жастар арасында қайырымдылықты насихаттаудағы басты құрал – атқамінерлер мен бизнесмендерден игі істерді бастау. Олардың қаржылық тәуелсіздігі бар. Олар ең басты механизм болып, өзгелерге үлгі болады. Алайда, олардың істері тек жарнамалық тұрғыда болмауы қажет, адамдар осы секілді істерін басқаша тұрғыда білулері керек.

Әкімшілікпен ұсынылатын тізімдер де, қатаң түрде тексеріліп, жаңарып тұруы керек. Адамдарды жұмы және қажетті біліммен қамтамасыз ету керек. Жеке меншік құқығында болмаса да, үймен көмектесу керек. Мысалы, жатақханадан тегін бөлме беріп, жұмысқа орналастыру. Сонда адам өзіне және отбасына ақша тауып, қалғанын жинай алады. Бұл бірнеше рет көмектесе салғаннан әлде қайда маңыздырақ.

Еске сала кетейік, сұхбат Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы үшін дайындалды.

0
0
416

Осы тақырып бойынша

Қайырымдылық мен үшін – міндет - Yvision.kz